in

“Дархан, ер азаматқа лайық болыңыз”: Баян Алагөзова Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуін сынға алды

Белгілі продюсер Баян Алагөзова ел ішінде қызу талқыланып жатқан актриса Дариға Бадықованы қолдау білдіріп, оның әрекетін сынға алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Продюсер бұл туралы Instagram парақшасына жазды. 

“Дархан, ер азамат емессіз бе?.. Соған лайық болыңыз. Бұл арада халықтың, туыстар мен сыныптастардың не қатысы бар?”, – деді Баян Алагөзова Мұсаевты меңзеп. 

Баян Алагөзованың бұлай деуіне Бадықованың бұрынғы күйеуінің желідегі үндеуі түрткі болған. Ол актрисаны тікелей эфирге шақырып, журналистке сұқбат беруін сұраған. Онда да халықтың, туыстардың, көршілері, әріптестері, сыныптастарының арадағы жағдайға өз бағасын беретінін сөз еткен. 

“Халайық, тоқтатыңыздар! Құдайым-ай, не болып жатыр өзі?… Бүкіл ел болып өзгенің іш киімін сөз етіп. Отбасының жеке кеңістігіне ешкімнің араласуға құқығы жоқ”, – деді ол Stories-інде.

Айта кетсек, Дариға Бадықова мен Дархан Мұсаев 16 жыл бірге некеде болып, 2024 жылдың күзінде ерлі-зайыптылар ресми түрде ажырасқан. Актрисаның айтуынша, басты рөлдерді сомдаған фильмдер шыққаннан кейін отбасындағы шиеленіс күшейе түскен.