Халық әртісі Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында жеке концертін өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Әнші түрлі елдегі көрерменнің басын қосқан ерекше сәт туралы жазба жариялады. Сонымен қатар осы сапары туралы деректі фильм түсірілетінін айтты.
“Мыңдаған жүрек. Бір тыныс. Бұл түн тарихта және менің жанымда мәңгі қалады. Бұл арманды менімен бірге бөліскендердің бәріне рақмет! Менің командам, музыканттар, көрермендер және осы сапарға сенген барша жанға алғыс айтамын! Музыка бізді біріктірді. Қазақстаннан Америкаға дейін, жүректен-жүрекке, жаннан-жанға. Осы концерт туралы деректі фильм түсірілді. Бұл сапар, сәттер және бірге сезінген әсер туралы. Жақында…,” – деп жазды Димаш Құдайберген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.