Дженнифер Лопестің шығармашылық ұжымы Қазақстанға жасаған сапары барысында елдің бай табиғатына және жергілікті халықтың мейірімділігіне тәнті болды, – деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.
Топ өкілдерінің бірі, Шэрон Янгблад есімді продюсер, сапар барысында алған әсерлерімен бөлісе отырып, қазақ халқының шынайы ықыласын, көрсетілген қызметтің сапасын және ауа райының қолайлылығын ерекше атап өтті.
Оның айтуынша, мұндағы адамдардың ашық-жарқын мінезі мен қонақты шын жүректен қарсы алу дәстүрі шетелдік қонақтарды бірден баурап алған.
Сонымен қатар, отель қызметкерлерінің кәсібилігі мен жайлы жағдай жасауы олардың сапарын бұрын-соңды болмаған деңгейде есте қалдырған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.