29 қарашада « Астана Балет» театрының сахнасында Француз маэстросы Кристоф Мангудың жетекшілігімен театрдың симфониялық оркестрі өнер көрсетеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Кристоф Мангу өзінің жаңашыл тәсілімен, биік талғамымен және классикалық дәстүрді заманауи әуенмен үйлестіре білуімен танымал. Бұл маэстроның « Астана Балет» оркестрімен екінші шығармашылық ынтымақтастығы: былтыр қазан айында өткен алғашқы бірлескен концерт көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, көкейінен шыққан еді .
« Мен Астанаға қайта оралып, осындай тамаша бағдарламаға дирижерлік ететініме шын жүректен қуаныштымын. Концерт шымылдығы Дебюссидің әсем туындысы «Шағын сюитамен» ашыл ады, содан кейін абсолютті шедевр орындалады : Сибелиустың әйгілі скрипка концерті, мен дирижерлік етіп , ал Қ аламқ ас соло орындайды ! Концерт бельгиялық композитор Сезар Франктың керемет симфониясымен аяқтала ды. Мұнда бүкіл оркестр біртұтас қуатты ағза секілді әсер қалдырады , себеб і Франк органист болған және бұл бағдарламалық музыка, яғни, шығарманың циклдік формасы сақталып, бірінші бөлімнің тақырыптары финалда қайта орындалса да – тыңдарман қауым үшін терең, біртұтас көркем идея мен үлгілі музыкалық архитектураның көркін ашады» , – деген ойын бөлісті маэстро.
Бұл кеште еуропалық музыканың үш ұлы шебері – Клод Дебюсси, Ж ан Сибелиус және Сезар Франктың шығармалары орында лады. Дебюссидің нәзік әрі мөлдір «Шағын сюитасы» концерттің прологына айналады: оның бояуы қанық әуезі мен нәзік үндестігі ф ранцуз импрессионизмінің жеңіл, әсем, поэтикалық атмосферасына бөлейді . Одан кейін академиялық музыка тарихындағы ең мәнерлі әрі драмалық концерттердің бірі – Сибелиустың Скрипкағ а арналған ре минор к онцерті орындалады . Бұл шығарма мұз қатқан с олтүстік лирикасын жарып өткен жалын іспетті , ал виртуоздық пассаждар терең, тәубеге келтірер иірімдермен қатар өрілгендей . Солист Қаламқас Жұмабаева осы музыканың күрделі, қуатты сипатын ашып, әрбір әуен үзіндісін эмоционалды көңіл толқынына айналдырады.
Кеш шымылдығы Сезар Франктың Ре минор симфониясымен жабылады. Ш ығарма циклдік формаға құралған, яғни, тұғырлы тақырыптары финалда қайта орындалып, ауқымды біртұтас дүние ретінде әсер етеді . Симфония ой толғаныстарынан бастау алып, жарқын әрі шабыт дарытатын нәтижелі күйге жетелегендей сезім тудырып , ал оркестр тембр байлығы м ен ішкі қуатқа толы біртұтас тірі ағза іспетті көрінеді .
Классикалық өнердің шекарасын кеңейтуді жалғастыра отырып, Кристоф Мангу әлемдегі жетекші ұжымдармен және арти стермен – Britten Sinfonia және Лондон симфониялық оркестрінен бастап, Париждегі Salle Pleyel, Амстердамдағы Concertgebouw, Лондондағы Barbican, Манчестердегі Bridgewater Hall, сондай-ақ АҚШ, Аустралия, Жапония және басқа да көптеген елдердің ірі сахналарында көрсетілген Джефф Миллспен бірлесіп жүзеге асырған бірегей жобаларға дейінгі шығармашылық ынтымақтастығын үзбей келеді . М аэстроны қабылдап, классика, джаз және заманауи музыкалық формаларды біріктіретін шығармашылығын қазақстандық көрерменге таныстыру « Астана Балет» театры үшін зор мәртебе .