in

Белгілі продюсер өмірдегі өкінішін айтты

Продюсер Гүлнұр Мамасарипова өмірдегі өкінішін айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында үш қыздан кейін ұл тумағанына өкінетінін жасырмады. 

«Ұлымның жоқтығына өкінемін. Оны көпке дейін маңызды нәрсе емес деп ойлайтынмын. Маңызды нәрсе екенін қазір түсінемін. «Мен 48-ге келдім, енді туа алмайтын шығармын» деген ой келді. Оған дейін ол туралы ойланбаппын. Құрбыларымның ұлдары үйлене бастады. Қоржын жинау деген сияқты нәрселер болады. Қанша дегенмен ұл жақ қатты дайындалады. Келін түсіретін үйдің күйбеңі, ұлдың есейгені маған қатты әсер етті. Осындай дүние менде неге жоқ деген ой келді сол кезде. Бәріне шүкір деймін. Алайда неге тумай қойдым деген өкініш пайда болды», — дейді продюсер.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.