Актриса Дариға Бадықова журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаевқа ренішін білдірді, – деп жазды Aikyn.kz.
Актриса күйеуі сұхбатта отбасындағы мәселені ашық айтқанын құп көрмеген.
“Ортамызда бала жоқ. Мен баланы тастап кететіндей көкек ана емеспін. Қарашаш мен өзім бауырыма алған қыз. Мен оған ерекше мейірімімді бердім. Қатарынан қалдырмадым, оқыттым. Дархан деген кісі Қарашаштың өмірін де ойламай айтып отыр. Қарашашқа қазір ауыр тиіп жатыр”, – дейді актриса.
Желі қолданушылары осыған қатысты түрлі пікір білдірді.
«Қарашаш Дариғадан айнымайды», «Бала тапқандыкі емес, баққандык», «Негізі Дариғада тура ана «Келінжандағы» мінез бар екен», деп жазды желі қолданушылары.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.