in

«Ақботаға қайтадан үйленгім келеді»: Дәурен Айдарқұлов жан сырын ақтарды

Актер Дәурен Айдарқұлов әлеуметтік желіде видео жариялап, бұрынғы жұбайы, әнші Ақбота-Нұр Сейтмағанбетпен қайта қосылғысы келетінін жеткізді, – деп жазды Aikyn.kz. 

Ол бейнежазбада аты аңызға айналған актер Роберт Де Ниромен «әңгімелесіп» отырғанын көруге болады. 

«Есіңде ме, 2016 жылы Ақботаға үйленгенімде бүкіл ел шулап еді ғой? Осы күзде соны қайталағанымды қалайсың ба?», – деп сұрайды.

Монтаж арқылы жасалған видеода әйгілі актердің «Иә» деген жауабы естіледі.

Бұл жазбаға Ақбота-Нұр Сейтмағанбет қолдап, пікір қалдырған. Желі қолданушылары да актерға жылы лебізін білдіріп жатыр.

«Дұрыс, үйленіңіз. Жалғыздық ешкімге жараспайды. Өткен өмір өтті, кінә тек бір жақтан, бір адамнан болмайды. Барлығы да бақытты болуға лайықты», «Ақботаны шын сүйіп үйлендің, алтын асықтай ұлың, еліктей қызың бар. Қосылыңдар, бақытты болыңдар»,  «Шынымен екеуі қайта қосылып, бақытты да баянды ғұмыр кешсе екен. Екеуі бір-бірін сыйлап, құрметтеп. Үлкен той күтеміз. Екеуінің балаларымен қуанышты жүздерін көрсек. Ешқашан айырылмай өмір сүріңдер», – деп жазды оқырмандар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM   арнасынан табасыз.