in

Ашық диалог – дамудың іргетасы

Іс-шараның шымылдығы «Елге еткен еңбек» атты кітап­тың тұсаукесер рәсімімен түріл­ді. Бұл еңбекте «Түркістан об­лы­сы­ның Азаматтық Альянсы» заң­ды тұлғалар қауымдас­тығы­ның өңірдің әлеуметтік-саяси өмі­ріндегі орны, атқарған жұ­мыс­тары мен тәжірибесі баян­да­лады. Сондай-ақ арнайы дайын­­­далған бейнеролик көрермен на­зарына ұсынылып, ұйымның жыл­дар бойы қалыптасқан жо­лы мен жетістіктері көрсетілді. Форум­ға Қызылорда, Жамбыл, Қос­танай, Шымкент, Ұлытау, Қара­ғанды, Ақтөбе және өзге де об­лыстардан арнайы делега­ция­лар келді. Азаматтық сектордың да­муына үлес қосып жүрген бұл өкіл­дер тәжірибе алмасып, ор­тақ мәселелер төңірегінде пікір алмасты.

Түркістан облысы әкімінің орын­басары Ертай Алтаев өз сө­зінде бұл форумның Мемлекет бас­шысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен «Халық үні­не құлақ асатын мемлекет» тұ­жырымдамасының айқын кө­рінісі екенін атап өтті. Оның ай­туынша, азаматтық қоғам мен мем­лекеттік органдар арасын­да­ғы ашық диалог пен сенім – ел да­муының берік іргетасы.

– Форум – серіктестік пен өзара қолдаудың, тиімді бай­ла­ныс пен ашық пікір алмасудың нақ­ты үлгісі. Бүгінде Түркістан об­лы­сында 700-ге жуық үкі­мет­тік емес ұйым тіркелген. Оның үштен бірінен астамы  қалаларда, ал қалған бөлігі аудандарда қыз­мет атқарады. ҮЕҰ-дар білім, мә­дениет, әлеуметтік қолдау, эко­логия, ауыл шаруашылығы сияқ­ты түрлі бағытта белсенді ең­бек етіп келеді. Мемлекет бас­шысының қолдауымен оларға бө­лінетін қаржы көлемі жыл сайын артып отыр. Бұл – бірлесе ат­қарылған еңбектің нәти­же­сін­де өңір экономикасы тұрақты өсі­мге қол жеткізіп отырғаны­ның дәлелі, – деді Ертай Кенже­бек­ұлы.

Оның айтуынша, облыстың қыс­қамерзімді экономикалық ин­дикаторы биыл қатарынан екі ай бойы республикада көш бас­тап тұр. Жартыжылдық қо­ры­тын­ды бойынша өсім 118%-ды құ­рады. Өнеркәсіп өнімінің кө­лемі 723,3 млрд теңгеге жетіп, 13,5%-ға артқан. Ал ауыл шаруа­шы­лығында өндірілген өнім кө­­лемі 253,9 млрд теңге болып, өсім 104,7% деңгейінде сақтал­ды.

Форумда Мәдениет және ақ­парат вице-министрі Айзада Құр­манова, «Қазақстанның Аза­мат­тық Альянсы» президенті Бану Нұрғазиева, «Қазақстан хал­қына» қоғамдық қорының бас­қарма төрайымы Ләззат Чин­кисбаева, Түркістан облы­сы­ның құрметті азаматы, қоғам қай­раткері Жамалбек Шәріп­бе­ков мазмұнды баяндамалар жа­сап, азаматтық қоғамның даму ба­ғыттары, алдағы мақсаттар мен мүмкіндіктер жайында ой бө­лісті.

Пленарлық секциялар бары­сында «Азаматтық қоғамды да­мыту тұжырымдамасы – бірінші кезеңнің қорытындылары және екінші кезеңге ұсыныстар», «Үкі­меттік емес ұйымдар туралы жә­не Мемлекеттік әлеуметтік тап­сырыстар туралы заң жо­ба­лары», «Заң және тәртіп – қо­ғам­ды шоғырландырудың негізі: ҮЕҰ-ның құқықтық ағартудағы рөлі», «Адал азамат» тұжырым­да­­м­асы: азаматтық жауап­кер­ші­лік пен экономикалық өсім ара­­­­­сын­дағы байланыс» та­қы­­­рып­тары талқыланды. 

Жиын соңында елдің бірлігі мен ынтымағын нығайтуға үлес қо­сып жүрген, мемлекеттік сая­сат­ты насихаттау ісінде белсен­ді­лік танытқан бірқатар үкімет­тік емес ұйым өкілдері арнайы ма­рапаттарға ие болды.

Назгүл НАЗАРБЕК,

Шымкент қаласы