in

Астанада Дженнифер Лопестің концертіне келген жұрт ерекше акция өткізді

Дженнифер Лопестің концертіне келген жұрт күтпеген экологиялық акция өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

«Астана Арена» стадионында өткен Дженнифер Лопестің ерекше шоуынан кейін көрермен қауым ерекше экологиялық бастама көтерді. 

Концерт аяқталған соң жұрт трибунадан кетіп қалмай, стадиондағы қоқысты жинап, мәдениеті мен жауапкершілігінің жоғары деңгейін көрсетті, деп жазды елорда әкімдігінің ресми сайты. Акцияға елорда тұрғындарының сүйікті кейіпкеріне айналған Тазабек те қосылды. 

Ол да көрермендермен бірге тазалыққа үлес қосып, ерекше бастамаға үлес қосты.

Фото: Астана әкімдігі

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM   арнасынан табасыз.