Продюсер Баян Алагөзова әлеуметтік желіде оқырман жиі қоятын сұраққа жауап берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Оқырмандар продюсерге «Неге Алисаны қаттырақ жақсы көресіз, оған көбірек көңіл бөлесіз?» деп сұраған.
Баян Мақсатқызы бұл сырт көзге солай көрінуі мүмкін екенін айтты. Ол екі қызын да жақсы көретінін жеткізді. Сонымен қатар екеуінің мінезі екі түрлі екенін жасырмады.
«Бұлай сұрақ қою күлкілі… Кез келген ана менімен келісетін болар, бір баланы екіншісінен артық жақсы көру мүмкін емес. Мұндай ой Алиса үнемі бірінші қолыма алғанымды қалайтындықтан туатын шығар. Егер алдымен Алманы көтеріп алсам, Алиса бірден дау шығарып, қатты жылайды. Әрине, үлкен болған соң өзі бірінші болғысы келеді. Оның үстіне менімен 15 күн ертерек танысқан ғой. Ал Алма сабырлы. Бірақ Алиса жылай бастаса, ол да қосылып жылайды. Амалсыз, жағдайды реттеуге тырысамын», – дейді Баян Мақсатқызы.
Ол екі қызын да бірдей махаббат пен мейірімге бөлейтінін айтты.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.