Актер Дәурен Айдарқұлов қуанышты жаңалығымен бөлісті. Ол өзінің үйленгенін хабарлап, неке қиған сәтінен фотоны өзінің Instagram парақшасында жария етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
“Мен үйлендім. Әлхамдулилләһ”, – деп жазды Дәурен Айдарқұлов.
Актердің жазбасын көрген желі қолданушылары қуанышына ортақтасып, оған ақ тілектерін білдіріп жатыр. Оның қатарында бұрынғы әйелі Ақбота да бар.
“Бақытты болыңдар! Сендер үшін қуаныштымын!”, – деп пікір қалдырды актердің жазбасына Ақбота Сейтмағамбет.
Еске сала кетейік, Дәурен Айдарқұловтың бұл – үшінші некесі. Оның бірінші отбасынан үш, екінші некесінен екі баласы бар. Өнер адамы актриса Ақбота Сейтмағамбетпен 2020 жылы ажырасқан еді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Dauren Aidarkulov (@daurenaidarkulov)
Публикация от Dauren Aidarkulov (@daurenaidarkulov)