in

«Адамзат, ескерткіштер және табиғат туралы триптих» атты халықаралық көрме ашылды

Қазақстан Республикасы Президенті іс басқармасына қарасты Президенттік орталықта Патна қаласындағы (Бихар штаты, Үндістан) Бихар музейінің коллекцияларынан «Адамзат, ескерткіштер және табиғат туралы триптих» халықаралық көрмесінің ашылуы өтті. Көрме «Мәдениет арқылы диалог» халықаралық жобасы аясында Қазақстан Республикасы Президенттік орталығы мен  Қазақстандағы Үндістан Елшілігінің Свами Вивекананда «Мәдениет» орталығымен бірлесіп  ұйымдастырылды. 

Бихар музейі – өнер және археология музейі, Бихар штатындағы ежелгі Патна қаласында орналасқан Үндістандағы ең үлкен музейлердің бірі. Музей көрмелері көрермендерді аймақтың өнерімен, мәдениетімен және дәстүрімен таныстырады, сонымен қатар Бихардың Үндістан тарихы мен өркениетіне қосқан елеулі үлесін баяндайды. Музей қорында 40 мыңнан астам жәдігер бар. Музей ғылыми қауымдастықпен тығыз байланыста, ол үшін ресурстық орталықтар, оқу бағдарламалары, тағылымдамалар мен шәкіртақылар құрылды. Музей қызметінің маңызды бағыты мәдениет пен өнерді танымал ету саласындағы ынтымақтастық пен серіктестікті дамыту болып табылады.

ҚР Президенттік орталығындағы көрмеде суретшілер көне ғажайыптардан заманауи сәулет құрылымдарына дейінгі монументалды туындылармен экспрессивті портреттер, композициялар, мүсіндік және деректі фотосуреттер арқылы пішіндердің алуандығы мен адамзаттың табиғатпен байланысын адамзат тарихының куәсін көрсететін өнер туындылары ұсынылған. 

Бақытжан Темірболат бұл Үндістанның Қазақстандағы елшілігі жанындағы Свами Вивекананда атындағы үнді мәдени орталығымен бірлесіп ұйымдастырылған екінші жоба екенін атап өтті. 

«Бүгін бізге Үндістандағы ең ірі музейлердің бірі – Бихар музейінің коллекциясындағы өнер туындыларымен танысуға бірегей мүмкіндік берілді. Кескіндеме, мүсіндер және фотосуреттер авторлардың адам мен табиғаттың өзара әрекеттесуі туралы философиялық ой-пікірлерін оның көп қырлы палитрасында көрсетеді. «Триптих: адамзат, ескерткіштер, табиғат» көрмесі үнді халқының салт-дәстүрі мен мәдениеті призмасы арқылы Шығыстың таңғажайып және тылсым әлемімен жақынан танысуға мүмкіндік беретініне сенімдімін», – деді Б.Темірболат. 

«Мәдениет – бүгінде Үндістан мен Қазақстанның арасындағы екі жақтың қарым-қатынасының басты сипаттамаларының бірі болды. Сонау Гемалай тауларынан асып қазақ даласына Бихар музейінен  62 экспонат әкелінді,  соның ішінде бейне инсталляциясы бар 39 суретшінің жұмысы және де 4 фотографтардың жұмысын тамашалай аласыздар. Осы көрменің ашылуына атсалысқан барша мамандарға алғыс айтамын», – деді Үндістан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нагендра Прасад.

«Бүгінгі көрменің мақсаты – адамдарды, біз тұрғызған ғимараттар мен өмір сүріп жатқан пейзаждарды байланыстыратын күрделі қабаттарды ашу. Көрмеде ұсынылған әрбір жұмыс бізді үнемі өзгеріп жатқан әлемдегі жасаушылар ретіндегі рөліміз туралы ойлауға шақырады. Біздің әртістер әр түрлі салалардан жиналып, олардың әрқайсысы жұмысқа өзіндік ерекше әсерін берді.  Суретшілердің көздері арқылы біз адам рухының төзімділігін, ескерткіштердің ұлылығын, табиғаттың сұлулығы мен нәзіктігін көреміз. Олардың еңбектері біздің ортақ тарихымыз, уақыттың әсері мен артымызға қалдырған мұраларымыз туралы ойлануға мәжбүр етеді», – деді Бихар мұражайының кураторы Мумите Гхош ханым.

Айта кетерлігі, көрмеге бейнелеу өнерінің әр түрі мен жанрындағы 60-ге жуық туынды қойылған.

Іс-шара аясында Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы мен Бихар музейі (Үндістан, Патна) арасындағы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.