in

«Абьюзер болмаса…»: Балжан Бидаш болашақ жары туралы айтты

Әнші Балжан Бидаш әлеуметтік желіде оқырман сұрағына жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі «Тұрмысқа шығып, ана болу ойыңызда бар ма?» деген сұрақты жауапсыз қалдырмады.

«Ойда бар! Тек қана сүюден бөлек, шабыт беретін, өзіне сенімді адам маңызды екенін өмір үйретіп жатыр. Ең бастысы, маған не керек екенін енді жақсы түсінемін. Қалай сүйілсем, солай сүюге дайынмын. Мүмкін ол күндер де алыс емес», – деп жазды ол.

Сонымен қатар болашақ жарының қандай қасиетіне мән беретініне тоқталды.

«Абьюзер болмаса болды», – деп қысқа қайырды әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.