Әнші Алтынай Жорабаева үнемі мобилографпен жүретін әріптестеріне ескерту жасады, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесінің айтуынша, кейбір әншілер той-томалақтан бөлек, Құран оқитын жерге де мобилограф ертіп барады.
“Осы мобилографпен жүретін жандар! Қатты шектен шықпаңыздаршы, өтініш. Құран оқитын жер болсын, той болсын, үнемі бірге жүреді. Қонаққа барсаң тіпті амандасқаныңа дейін, сыйлық бергеніне дейін түсіріп жүреді. Жаман көрінеді. Шын айтамын. Желіге салғанда халыққа білінбейді. Бірақ сіздің солай мобилографыңызбен кіріп келгеніңіз сырттан жаман көрінеді. “Ел көрсін” дегеніңіз жаман білініп, сырттан оғаш көрінеді. Жарайды, жұмысыңызды, өнеріңізді жасаңыз. Тіпті арнайы блогерлердің іс-шарасы болса да мейлі. Бірақ шектен шықпаңыздаршы. Артық айтсам, кешірім сұраймын”, – деп жазды әнші.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.