in

«Тұрсынбек Қабатовтан қатты психологиялық соққы алдым»: блогер басынан өткен жайтты жеткізді (видео)

Қазақстандық әйел белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовқа қатысты тараған ақпаратты ауыр қабылдағанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz. 

Әйелдің айтуынша, әзілкештің өнері мен отбасын қатты құрметтеген, ер-азаматтарға үлгі ретінде көрген. Бірақ «Тұрсынбек әйелін тастап, жас қызға кетіп қалыпты» деген сыбысты естігеннен кейін көңілі қалған.

«Қазақстан азаматтары, не болып бара жатырсыңдар? Тұрсынбек Қабатовтың кесірінен күйеуіммен екі аптадай дұрыс сөйлеспей жүрдім. Қазақстанның бүкіл ер-азаматын жек көріп кеттім. Тұрсынбек Қабатовтан қатты психологиялық соққы алдым. Оның өзі, отбасы, әзілдері – бәрі ұнайтын. «Қабатов әйелін тастап, жас қызға кетіп қалыпты» деген кезде бүкіл өмірім теріс айналып түсті. Сол үшін күйеуім соққы жеді менен. Мөлдірдің подкастарын тыңдадым, ол «Тұрсынбекке мама болып кетіппін, көп көңіл бөліп, өзімді жоғалтып алыппын, бүкіл өмірімді Тұрсынбекке арнадым» деді. Осыны тыңдап алғаннан кейін күйеуіме Тұрсынбек осылай жасапты деп айтып бердім. Бұл маған соққы болды. Күтпеген едім, бұл отбасыны жақсы көретін едім, үлгі тұтатынмын», – дейді блогер.

          Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от МОТИВАТОР/БЕРУ ОТ ЖИЗНИ ТОЛЬКО ЛУЧШЕЕ (@sam_170984)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM   арнасынан табасыз.