Шәмші Қалдаяқов атындағы Түркістан облыстық филармониясының директорына қатысты тағы бір ақпарат пайда болды, – деп жазды Aikyn.kz.
Әнші Наркенже Серікбаева басшыдан көрген қысымы жайлы ашық айтқаннан кейін бұрынғы студент қыздар әншіге хат жазып, өздері де кезінде сол адамнан қорлық көргенін жеткізген.
Хаттарда басшының оқытушы болған кезде қыздарға анайы ұсыныс жасағаны айтылған.
Айта кетейік, әнші Наркенже Серікбаева әлеуметтік желіде видео жариялады. Ол басшыдан көрген қорлығы жайлы айтып, көз жасына ерік берді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.