in

Перзентханадан шыққан Айжұлдыз Адайбекова ұлына ерекше ат қойды

Әнші Жанар Айжанованың қызы, актриса, блогер Айжұлдыз Адайбекова екінші ұлына қандай есім қойғанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz. 

«Қағаров Санат Сәкенұлы», — деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айтуынша, Санат деген есім «үйлесім», «жарасымдылық» деген мағынаны білдіреді. 

«Оның үйлесімде болғанын қалаймын. Менің айналамда есімінде екі немесе төрт дауысты әрпі бар адамдар көп. Бұл жай сәйкестік деп ойламаймын. Қараңызшы, анамның аты – Жанар, ұлым – Назар, күйеуім – Сәкен, енді міне – Санат», — деп жазды Айжұлдыз.

Блогер сәбиімен перзентханадан шыққан суретін жариялады. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.