in

«Неге соңына дейін бармадың?»: Наркенже Серікбаева филармония директорын не үшін кешіргенін айтты

Әнші Наркенже Серікбаева әлеуметтік желіде филармония басшысымен не үшін татуласқанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол «Соңына дейін баруы керек еді» деген оқырмандарына жағдайды түсіндірді.

«3 күннен бері болып жатқан жағдайлардан хабардарсыздар. Босқа жылап ұпай жинайтын мен емес. Көзімнен шыққан жас ол менің ішкі жан айқайым. Әлсіз жаратылыспын. Әлеуметтік желідегі әртүрлі айтылып жатқан сыни пікірлерді де, қолдау хаттарды да бірін қалдырмай оқып отырмын. Оқи отырып жүрегім қарс айрылардай күй кешкенім жасырын емес.  “Хайп үшін”, “Неге аяғына дейін бармадың?”, “Жала жаптың”, “Екіжүзділік”, т.б деген сияқты пікірлерді де көріп, көзімнің жасы көлдей болды. Мейлі. Көптің аузына қақпақ бола алмаймын. Әркімнің өз шындығы бар. Бірақ бір нәрсе анық. Мен халықсыз ешкім емеспін. Елдің ішінен шықтым. Әкем де халық, анам да халық! Кеше Шымқалаға мен үшін уайымдап келген аға, әпкелерге, достарға рақмет! Тәкаппарлық қылмай, кешірім сұрап тұрса, әкеңнің болса да құнын кеш деген қазақтай дана жұрттың жұрнағымыз ғой. Кісілік қылмай, кішілік танытайын дедім. Мақсатым аз қазақты алауыз қылу емес»,  –  деді Наркенже Серікбаева.

Еске салайық, танымал әнші Наркенже Серікбаева Шәмші Қалдаяқов атындағы Түркістан облыстық филармониясының басшысы өзіне қысым көрсеткенін айтты.

Наркенже Серікбаеваға қысым көрсеткен директор жайлы студент қыздардың хаты жарияланды.

Филармония директоры Ғалымжан Ерназаров Наркенже Серікбаеваны сотқа берді.

Әнші Наркенже Серікбаева филармония басшысы Ғалымжан Ерназаровпен жүздесті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.