in

«Махаббат деген – уақытша дүние…»: Жұбаныш Жексенұлы жан сырын ақтарды (видео)

Әнші Жұбаныш Жексенұлы махаббат тақырыбында сөз қозғады, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі махаббат сыйластықпен қатар жүрсе, баянды болатынын атап өтті. Ал тек құштарлық адамды құрдымға апарады.

«Бұл осы уақытқа дейін махаббат деген бар немесе жоқ деп талас тудырып жатқан тақырып. «Махаббат» деген сөз бар, ол бар жерде ол сезімнің өзі де бар деген сөз. Егер «махаббат» деген жоқ болса, ол сөз де болмас еді. Басынан оны жоқ деп мойындар едік. Махаббат бар. Бірақ ол сыйластықпен, құрметпен, ізгі сезімдермен қоршалмаса, жалаң махаббат ұзаққа бармайды. Менің ойымша махаббат – ол уақытша дүние. Иә, жалындайды, жанады, одан кейін сөнеді. Бұл жауабы жоқ, таусылмайтын әңгіме», – дейді Жұбаныш Жексенұлы “Сыр” бағдарламасында.

          Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от Show-бизнестегі ең қызықты жаңалықтар (@zhuldyzdy_news)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM   арнасынан табасыз.