Блогер, актер Жахан Отарғалиев 9 жылдан кейін әке сәби сүйейін деп жатқан досына тілегін жеткізді, – деп жазды Aikyn.kz.
Жақында блогер Елдос «Колобок» 9 жылдан кейін балалы болатынын айтып, сүйінші сұраған еді. Жахан Отарғалиев әлеуметтік желідегі парақшасында блогерді құттықтады. Сонымен қатар өзі де 16 жылдан балалы болуды армандап жүргенін жеткізді.
”Колобок үшін қуаныштымын. Видеосын бәріміз көрдік, жыладық. Қандай керемет сезім. Енді үмітімізді үзбейміз, Алла нәсіп етсе. 16 жыл күттік, тағы да сәл шыдаймыз. Алла береді ғой. Мен Елдос бауырым үшін қуаныштымын. Үнемі бір-бірімізге қолдау көрсететінбіз. Алланың берері көп болсын. Колобокке қызығып, менде де болса екен деп гендер патидің идесын жазып тастадым. Дәл қазір баласы бар жандар, шүкір қылайық. Өмірде отбасыдан артық не бар?! Ақша, байлық келеді, кетеді. Мәселесі жоқ адам жоқ. Маған да көп адам жазып жатыр. Сені танымайтын, бірақ сен үшін дұға жасайтын жандардың барына Аллаға шүкір”, – дейді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Жахан Утаргалиев 🎬 (@zhahan_utargaliyev)
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.