48 жасында қазақстандық спорт журналисі Диас Ахметшәріп өмірден озды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.
Еңбек жолын 1997 жылы Қазақ радиосының репортері болып бастаған. Ұзақ жылдар бойы «Qazaqstan» телеарнасы мен «Хабар» агенттігінде спорт журналисі қызметін атқарды. «Qazsport» телеарнасын алғаш басқарғандардың бірі.
Олимпиада және Азия ойындарының, әлем чемпионаттарының спорт шолушысы және ҚР құрамасының баспасөз атташесі болған.
Кейінгі жылдары Диас Ахметшәріп түрлі мемлекеттік органдарда баспасөз хатшысы болып жұмыс істеді.
Журналист Диас Ахметшәріп комаға түскенін жазған болатынбыз.