Продюсер Баян Алагөзова әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, оқырманды ойландырып қойды, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол әнші, Халық әртісі Майра Ілиясова және Майра Мұхамедқызымен түскен суретін жариялап, әзіл-шыны аралас тілегін жеткізді.
«Екі Майраның, екі Халық әртісінің ортасында тұрып тілек тіледім. Енді ұл тусам ба деп ойлап тұрмын», – деп жазды продюсер.
Суреттен олардың әріптес әрі көп уақыттан бері дос екені байқалады.
«Ескі достар мен ескі кітаптардан асқан не бар? Сіздерді көргеніме қуаныштымын, Баян мен Майра апай», – деді Майра Мұхамедқызы.
Желі қолданушылары Баян Алагөзованың жазбасына таңданысын жасырмай, арманына жетуін тіледі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.