in

Дәулеткерей Шығайұлының 205 жылдығына арналған «Бапас күйлері» атты лекция-концерт өтті

К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің Абай атындағы концерт залында Дәулеткерей Шығайұлының 205 жылдығына арналған «Бапас күйлері» атты лекция-концерт өтті, – деп хабарлайды Аikyn.kz

Іс-шараны университеттің Домбыра кафедрасы ұйымдастырды.

Лекция-концерт барысында көрермендер Дәулеткерейдің өмірі және шығармашылымен танысып, бірқатар күйлердің мазмұны мен тарихи маңызы туралы тың деректермен танысты. Іс-шара аясында күй өнері жөнінде белгілі күйші, профессор Айтжан Тоқтаған мен Тұрар Әліпбаев та сөз сөйлеп, Дәулеткерейдің мұрасының мән-маңызына тоқталды.

Концертке Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері, республикалық байқаулардың лауреаттары: Т. Құдайберген, Е. Әлелов, А. Нұралиев, Ж. Каримов, Е. Серікбаев, Н. Үмбетова, Д. Ануарбекова қатысты. Олар Дәулеткерейдің күйлерін шеберлікпен орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Іс-шараны Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақытжан Дүйсенғазиев жүргізді. Лекция-концерт қазақ күй өнерін ұлықтап, жас орындаушыларға рухани серпін берген тағылымды кешке айналды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз