in

«Балқадиша» әнін орындап, желі жұлдызына айналған баланың бейнебаяны жарық көрді (видео)

Ақан серінің әйгілі «Балқадиша» әнін орындап, желі жұлдызына айналған Иса Бекболаттың бейнебаяны жарық көрді, – деп жазды Aikyn.kz. 

Жақында әлеуметтік желіде оның спорт залда, жаттығудан кейін «Балқадиша» әнін орындаған бейнежазбасы тараған еді.

Желі қолданушылары оның өнерін жоғары бағалап, жылы лебізін білдіріп жатыр.

Айта кетейік, әнші Димаш Құдайберген Иса Бекболатты Алматыда өткен концертіне арнайы шақырып, сахнада «Балқадиша» әнін орындаған еді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.