in

«Ақша үшін күйзеліп жүргендерге махаббат керек»: Айнұр Тұрсынбаева бақытты болуға кедерге келтіретін 10 заңдылықты атады

Айтыскер ақын, психолог Айнұр Тұрсынбаева әлеуметтік желідегі парақшасында отбасындағы әр адамның рөлі туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz. 

Ол күнделікті адамдармен жұмыс істей жүріп,  адамның дамуына, қарым-қатынасының дұрыс қалыптасуына кедергі келтіретін 10 заңдылықты атады:

1. Шешесімен тіл табыса алмаған адам, кейін қызымен жиі қақтығысқа түседі.

2. Әкесін сыйламаған адамның өмірде аяққа тұрып кетуі қиын.

3. Көп өкпелейтін адамды үнемі ренжітетін жандар жолығады. Өкпелеу – энергияны тұншықтырады.

4. Отбасында сөйлесу азайса, соңы міндетті түрде ажырасуға апарады.

5. Әйелі сыйламайтын еркек өмірде табысқа жете алмайды.

6. Махаббатсыз өмір сүріп жатқан әйел ашуға булығып, бала-шағасына жиі қол жұмсайды.

7. Болашағынан қорқатын адам даму орнына кері кетеді.

8. Махаббатқа зәру әйел үнемі киімге, сыртқы жылтыраққа қызығады – ішкі бос орынды солай толтырғысы келеді.

9. Ақша үшін күйзеліп жүргендерге шын мәнінде ақша емес – махаббат керек.

10. Қиындықпен күрескісі келетін адам алдымен қуана білуді үйренуі керек.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.