Анна Данилина әлемдік рейтингте үздік ондыққа енді
Қазақстандық теннисші Анна Данилина әлемдік рейтингтегі орнын жақсартты, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olimpic.kz-ке сілтеме жасап. Жуырда өткен “Ролан Гаррос” турнирінде спортшы жұптық сайыста финалға дейін жетті. Жүлде жеңіп алу мүмкін болмады. Алайда Данилина рейтингте жоғарылады. Ол мансабында алғаш рет рейтингте 17-орыннан 9-орынға дейін көтерілді. Бұған дейін Аннаның ең үздік нәтижесі – 10-орын болған. Сараптама, зерттеу… More