More stories

  • Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық титулдарынан айырылуы мүмкін

    Орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы алдағы күндері бір немесе екі чемпиондық белбеуінен айырылуы мүмкін, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. Бұл туралы LDUBB Boxing YouTube-арнасының авторы әрі инсайдер Буг Уильямс айтты. Айта кету керек, желтоқсан айында алынған допинг-сынаманың нәтижесінде Жәнібектің ағзасынан тыйым салынған мельдоний препараты табылған. Қазіргі уақытта ресми тексеру… More

  • 2026 жылы Қазақстан халқы қанша күн демалады?

    2026 жылы Қазақстандағы мереке күндері бірнеше демалыс күніне сәйкес келіп тұр, сондықтан демалыс пен жұмыс күндерінің реті өзгереді. Ел тұрғындары бес күндік жұмыс аптасы бойынша 119 күн демалса, аптасына алты күн жұмыс істейтіндерде бұл көрсеткіш 67 күнге тең. Бұл туралы «Алматы» телеарнасы жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 2026 жылы ресми жаңа жыл демалыстары 1-2 қаңтарға,… More

  • Танымал диджей Иманбек жолда көлігі бұзылып қалған адамдарға көмектесті (видео)

    Танымал қазақстандық диджей және продюсер Иманбек Зейкенов жолда көлігі бұзылып қалған жолаушыларға көмектесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Жолаушылардың бірі оқиға орнынан видео жариялады. Ол Ақсуға (Павлодар облысы) такси тапсырыс бергенін, бірақ көлік жолда бұзылып қалғанын айтты. Содан кейін Иманбек көмекке келіп, оларды өз көлігімен баратын жеріне жеткізген. «Мен мұны Жаңа жылдың алғашқы күніндегі жақсы белгі… More

  • «Оның айтқанын түсіне бермеймін»: Айгүл Иманбаева күйеуі туралы айтты

    Әнші Айгүл Иманбаева Salem America жобасында отбасы туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz. Айтуынша, жолдасы ІТ саласының маманы. Күйеуімен Нью-Йоркте танысқан. Қазір де жолдасы АҚШ-та тұрады. «Мен адамдардың ортасында жүретін, көпшіл, шығармашылық адамымын. Ал жолдасым керісінше, тұйық адам, өз әлемінде өмір сүреді. Кейде мен оның айтқанын толық түсіне бермеймін», – дейді ол. Сараптама, зерттеу мақала,… More

  • Тұман түсіп, көктайғақ болады: 2 қаңтарға ауа райы болжамы

    Қазгидромет 2 қаңтарда ауа райына байланысты ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Синоптиктердің болжамы бойынша, түнде және күндіз Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Ақтауда 2 қаңтарда көктайғақ болады. Күндіз… More

  • Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария Президентіне көңіл айтты

    Мемлекет басшысы Швейцария Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Қасым-Жомарт Тоқаев Кран-Монтана тау-шаңғы курортындағы өрт салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Швейцария Конфедерациясының Президенті Ги Пармеланға көңіл айтты.  Қазақстан Президенті жақындарынан айырылған азаматтардың қайғыларына ортақтасып, жарақат алған адамдардың тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.  Сондай-ақ еліміз… More

  • Тараздағы өрт: Ербол Қарашөкеев тұрғындарға көмек көрсетілетінін жеткізді

    Бүгін, 1 қаңтар күні Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Тараз қаласындағы «Қарасу» (5) шағын ауданындағы шатыры өртенген №15 көпқабатты үйді аралап, тұрғындарының жағдайымен танысты. Бұл туралы облыс әкімдігі мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. – Өрттің шығу ошағын, себебін және шығын көлемін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Тұрғын үйге нысаналы төтенше жағдай жарияланды. Әр пәтер бойынша… More

  • Мемлекет басшысы балет әртісі Алтынай Асылмұратованы мерейтойымен құттықтады

    Премьер-министр орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан балет әртісі, Қазақ ұлттық хореография академиясының және «Астана Опера» опера және балет театрының көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратованы мерейтойымен құттықтап, естелік сыйлық табыстады. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатында оның әлемдік және отандық балет өнерін… More

  • Қар жауып, бұрқасын жүреді: 1 қаңтарға ауа райы болжамы

    Қазгидромет 1 қаңтарда ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Синоптиктердің болжамы бойынша, Атырау облысының солтүстігінде, шығысында қар жауып, бұрқасын жүреді, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Атырауда 1 қаңтарда тұман, көктайғақ болады. Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, орталығында, күндіз облыстың… More

  • БҰҰ Қазақстанның ұсынысымен 2026 жылды Халықаралық еріктілер жылы деп жариялады

    Мемлекет басшысы Жаңа жыл мерекесімен құттықтауында бәріміз табанды еңбек етуіміз керек, сонда ғана еліміз зор табыстарға жететінін атап өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Мемлекет алдағы уақытта да халықаралық құқыққа және ұлт мүддесіне сай келетін сындарлы әрі байыпты сыртқы саясат жүргізеді. «Біз мемлекеттік маңызы айрықша «Таза Қазақстан» жобасын бір қоғам болып жүзеге асыра береміз. Ауылдарымыз бен… More

  • Мемлекет басшысы жастар мен балаларға үндеу жолдады

    Мемлекет басшысы Жаңа жыл мерекесіндегі құттықтауында қазір мүлдем жаңа құбылыстар және зор мүмкіндіктер дәуірі екенін атап өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Президент әркім ең алдымен, өзіне, бойындағы күші мен қабілетіне сенуі керек екенін айтты. «Бүгін осы ерекше сәтте жастар мен балаларға үндеу жолдағым келеді. Қазір – мүлдем жаңа құбылыстар және зор мүмкіндіктер дәуірі. Әркім, ең… More

  • 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды

    2026 жылы Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басады. Бұл туралы Президент Жаңа жыл мерекесімен құттықтауында айтты , – деп хабарлайды Aikyn.kz. Еліміздің жарқын келешегі үшін алдағы конституциялық реформаның мән-маңызы зор. « Азаматтарымыз Қазақстанның өсіп-өркендеуіне тың серпін беретін бұл реформаны қолдайды деп сенемін. Біз энергетикалық әлеуетімізді нығайтып, агроөнеркәсіп кешені, су шаруашылығы мәселелерін шешіп, көлік-логистика саласын және тұрғын… More

Load More
Құттықтаймыз. Сіз интернеттің соңына жеттіңіз.