More stories

  • Астана маңында екі бала жоғалып кетті

    Бүгін Астанада, Есіл ауданында Майбалық көлі маңында қыдырып жүріп адасып кеткен екі баланы іздеу-құтқару жұмыстары жүргізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz ТЖМ ресми мәліметінше, іздеуге құтқарушылар, кинологтар, дрон және вездеход жұмылдырылып, кең аумақ мұқият тексерілді. Нәтижесінде 2012 жылы туған екі бала табылды. Олар ата-анасына тапсырылды, медициналық көмек қажет болған жоқ, – деп жазылған хабарламада More

  • 3 қаңтарда бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды

    Қазгидромет 3 қаңтардағы метеорологиялық жағдайға болжам жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Синоптиктердің болжамы бойынша, бірнеше қалада ауа сапасы төмендейді. «2026 жылғы 3 қаңтарда Павлодар, Қарағанды, Балқаш, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Атырау, Ақтөбе, Алматы, түнде Астана қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі», – делінген хабарламада. Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз. More

  • «Қайраттың» қос ойыншысы Ресейдің футзал клубтарына ауысуы мүмкін

    Алматының «Қайрат» клубы жетекші ойыншылары Біржан Оразов пен Даурен Турсағұловты команда құрамында ұстап қала алмауы мүмкін. Бұл туралы Futsal Kazakhstan-ның Instagram парақшасына сілтеме жасап Aikyn.kz хабарлайды. «2026 жылдың басы күтпеген жаңалықпен басталды. „Қайраттың“ қос көшбасшысы — Біржан Оразов пен Даурен Турсағұлов клубпен келісімшартты ұзартудан бас тартты. Екі ойыншының да қолданыстағы келісімшарттары 2025/26 маусымының соңына дейін… More

  • АҚШ тұтқындаған Мадуро: саясаткер туралы қысқаша шолу

    Бүгін «Венесуэла президенті Николас Мадуро АҚШ тарапынан тұтқындалды» деген хабар тарады. Бұл оқиға халықаралық ақпарат кеңістігінің басты тақырыптарының біріне айналды. Осы жағдайға байланысты Мадуро тұлғасына қатысты қысқаша таныстыру материалын назарға ұсынамыз. Николас Мадуро — 2013 жылдан бері Венесуэла президенті. Саяси мансабын кәсіподақ қозғалысынан бастап, кейін сыртқы істер министрі және вице-президент қызметін атқарған. Ол өзін социалистік… More

  • Трамп Венесуэланы уақытша АҚШ басқаратынын айтты – The Washington Post

    АҚШ президенті Дональд Трамп Николас Мадуро биліктен тайдырылғаннан кейін Венесуэланы уақытша АҚШ басқаратынын мәлімдеді. Оның айтуынша, АҚШ билігі елдегі өтпелі кезең аяқталғанға дейін басқару функцияларын өз қолында ұстайды. Сенбі күні таңертең АҚШ арнайы жасақтары жүргізген әскери операция барысында Венесуэла лидері Николас Мадуро мен оның жұбайы Силия Флорес ұсталып, елден шығарылды. Олар әскери база аумағындағы үйінен… More

  • «100 миллион еуро»: Реал өз ойыншысын сатуға бекініп отыр

    Бразилиялық шабуылшы Родригоның мадридтік «Реалдан» кетуі мүмкін деген жаңа ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Euro-football.ru порталына сілтеме жасап. Журналист Экрем Конурдың мәліметінше, «Реал» Родригоны сатуға тек 100 миллион еуро шамасындағы ұсыныс түскен жағдайда ғана келісуі мүмкін. Егер мұндай ұсыныс болмаса, футболшы командада қалады. Дереккөзге сүйенсек, қазіргі уақытта ойыншыны сатып алуға нақты мүмкіндігі бар… More

  • Купянск маңындағы шайқас: Ресей әскері қаланы бұзып кіруге тырысуда

    Ресей әскерилері Купянск маңындағы қысымды күшейтіп, қаланы қайта басып кіруге талпынып жатыр. Бұл туралы Украина Біріккен күштер топтамасы коммуникация басқармасының бастығы Виктор Трегубов телемарафон эфирінде мәлімдеді. Оның айтуынша, негізгі соққы бағыттары Оскол өзенінің сол жағалауында шоғырланған. Мұнда қарсы тарап Купянскке қарай ілгерілеуге мүмкіндік беретін жағдай қалыптастыруға тырысып отыр. Сонымен бірге ресейлік бөлімшелер шағын топтармен қаланың… More

  • «ФИФА шектеу енгізді»: Қостанайдың «Тобылы» санкцияға ілікті

    Қостанайлық «Тобыл» клубына қатысты ФИФА тарапынан шектеу енгізілді, деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Sports.kz порталына сілтеме жасап. Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, 2025 жылғы Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері 2025 жылдың 28 желтоқсанынан бастап жаңа ойыншыларды тіркей алмайды. Санкцияның нақты себебі көрсетілмеген, алайда ұйым түсіндірмесінде мұндай тыйымдар көбіне қаржылық дауларға, келісімшарттық міндеттемелерді орындамауға немесе… More

  • Жыл басында жасау керек үш қадам

    Жыл басы — жаңа бет ашып, өмір салты мен жоспарларды қайта қарауға қолайлы кезең. Осы уақытта жасалған шағын, бірақ жүйелі қадамдар алдағы жылдағы тұрақтылық пен нәтижеге негіз болады. Төменде жыл басында атқаруға лайық үш негізгі қадам ұсынылады. 1. Уақыт пен мақсатты нақтылау Жыл басы — алдағы кезеңнің бағытын айқындайтын сәт. Ең әуелі өткен жылдағы нәтижелерді… More

  • «Ажырасып кетті ме?»: Мақпал Исабекова көрерменді алаңдатып қойды (видео)

    Әнші Мақпал Исабекованың жаңа бейнебаяны жарыққа шықты, – деп жазды Aikyn.kz. Алайда әншінің жаңа әні әлеуметтік желді қызу талқыға түсті. Көрермен әнші өміріндегі жағдайды әнмен жеткізіп тұр деген болжам жасаған. Әнде “Сен емес пе, уәделерді шашқан? Шешілмейді деп ойладың ба маскаң? Астаң-кестең бәрі, енді не істейін? Сезім өшкесін болды емес пе? Қайтқым келмейді менің артқа…. More

  • Ауа райы күрт бұзылып, Жамбыл облысында жол жабылды

    ҚазАвтоЖол Жамбыл облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. «Бүгін, 1 қаңтар сағат 19:20-дан бастап Жамбыл облысында ауа райының бұзылуына (бұрқасын,қалың тұман,көрінудің шектеуі) республикалық маңызы бар «РФ шекарасы – Мартөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы, жаңа Қордай перевалы»… More

  • «Жұптарың жазылмасыншы жандарым»: Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова видео жариялады

    Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желіде отбасылық видео жариялады, – деп жазды Aikyn.kz. Актриса күйеуі, әнші Қайрат Нұртаспен және балаларымен бірге көңілді отырғанын байқауға болады. Өнер иесі Жаңа жыл мерекесіне орай балаларына деген тілегін жеткізген. «Балаларыма: Сен Жаратқанның сүйікті жаратылысысың. Ештеңеге қызықпа, ешкіммен өзіңді салыстырма. Барға шүкір, жоққа қанағат. Өткен жылға ризашылықпен қарап, келер жылға жаңа… More

Load More
Құттықтаймыз. Сіз интернеттің соңына жеттіңіз.