More stories

  • Алматы тауларында туристер адасып кетті

    Алматы облысының Қарасай ауданында таулы аймақта екі адам адасып қалды. Оқиға ер адамның автокөлігі лайға батып қалғаннан кейін басталған. Ол эвакуатор шақырып, құрбысымен бірге көлікті қарсы алуға шыққан, алайда жолдан жаңылып, бағытынан адасқан. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің «Барыс» республикалық жедел-құтқару жасағы жіберілді. Құтқарушылар қысқа уақыт ішінде жоғалғандардың нақты орналасқан жерін анықтап, оларды тауып алды…. More

  • Иранмен соғыстан қай елдердің экономикасы қатты зардап шегеді? – Reuters

    Иран төңірегіндегі қақтығыстың ұзаққа созылуы әлемдік энергетика нарығына ауыр соққы болуы мүмкін. Reuters мәліметінше, мұндай жағдай мұнай мен газ бағасының күрт өсуіне алып келіп, ақырында бүкіл жаһандық экономикаға әсер етеді . Әсіресе Еуропа елдері қатты зардап шегуі ықтимал. Германия мен Италия сияқты өндірісі дамыған мемлекеттер энергия бағасының өсуіне тәуелді болса, Ұлыбританияда электр энергиясының бағасы газға… More

  • Шаршамай жұмыс істеудің 5 әдісі

    Көп жағдайда шаршау жұмыстың көптігінен емес, оны дұрыс ұйымдастырмаудан болады. Күн бойы энергияны сақтап, өнімді жұмыс істеу үшін қарапайым, бірақ тиімді әдеттерді қалыптастыру қажет. Бірінші кезекте жұмысты бөліп орындау маңызды. Ұзақ уақыт тоқтаусыз жұмыс істеу адамды тез қажытады. Сондықтан 25–40 минут жұмыс істеп, қысқа үзіліс жасау тиімді. Мұндай тәсіл мидың демалуына мүмкіндік береді және зейінді… More

  • Ресей әскері Донецк бағытында шабуылды қайта бастады – ISW

    Ресей әскері 2026 жылғы көктем-жаз кезеңіне жоспарланған шабуылды Донецк облысында екі бағыттан бастады. Бұл туралы Соғысты зерттеу институтының (ISW) сарапшылары мәлімдеді. Негізгі мақсат – Украинаның басты қорғаныс шебі саналатын «бекіністер белдеуін» айналып өту. Сарапшылардың мәліметінше, шабуыл Лиман бағыты арқылы солтүстік-шығыстан және Краматорск–Константиновка бағыты арқылы оңтүстіктен жүргізілуде. Ресей әскері Славянск пен Краматорскке шығуды көздейді. Сонымен қатар… More

  • «Бала кезден…»: Жанболат Найзабеков Мадияр Серікбаев туралы ерекше қалжың айтты

    Өнер қырандары театрының актеры Жанболат Найзабеков әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа видео жариялады. Видеода ол театр басшысы Мадияр Серікбаев туралы айта отырып, басқа бір бейнероликті көрсетеді. Желі қолданушылары бұл видеоны әзіл ретінде қабылдап, пікір алаңында түрлі қалжың пікірлер қалдыруда. Қарапайым оқырмандармен қатар, Мадияр Серікбаевтың өзі және театрдың өзге де актерлары да пікір жазып, белсенділік танытқан. More

  • Қазақстан құрамасының ойыншысы шотландиялық клубқа жеңіске жетуге көмектесті

    Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков Шотландия чемпионатында «Хартс» клубының «Дандиге» қарсы матчында жеңіске жетуіне үлес қосты. Ол ойынға 86-минутта алаңға шықты. Сол сәтте есеп 1:0 болатын, матч соңына дейін «Хартс» басымдығын сақтап қалды. Шотландияға ауысқаннан бері Чесноков Премьер-лига мен Кубок аясында 7 матч өткізіп, 1 гол соққан. Қазіргі таңда «Хартс» турнир кестесінде 31 ойыннан… More

  • АҚШ үкіметі Гарвард университетін сотқа берді – The Washington Post

    АҚШ Әділет министрлігі Гарвард университетіне қарсы сотқа талап-арыз берді – деп хабарлайды Aikyn.kz The Washington Post мәліметінше, билік оқу орны еврей және израильдік студенттерді жеткілікті деңгейде қорғай алмады деп есептейді. Талап арызда 2023 жылғы оқиғалардан кейін университетте еврей студенттеріне қысым күшейгені айтылған. Кейбір студенттер оқу ғимараттарына кіре алмаған, өздерін қауіпсіз сезінбеген және діни белгілерін жасыруға мәжбүр болғаны… More

  • Жәнібек Әлімханұлының бұрынғы жаттықтырушысы оның абсолютті әлем чемпионы бола алатынына сенеді

    Жәнібек Әлімханұлының бұрынғы жаттықтырушысы оның дисквалификациядан кейін де абсолютті әлем чемпионы бола алатынына сенеді. Жәнібек Алматыдағы жекеменшік клиникада дәрігер тағайындауымен тамыр арқылы қабылдаған мельдоний үшін бір жылға жарыстардан шеттетілді. WBO ұйымы Жәнібекті чемпион атағымен қалдырғанымен, ол IBF белдігінен айырылды. Қайтып оралғаннан кейін қазақстандық боксшы WBO уақытша чемпионымен жекпе-жек өткізуі тиіс. Sports.kz порталына берген сұхбатында Жәнібекпен… More

  • Түркия жаңа зымыранын жасады: енді нысанаға дәл тиеді

    Түркияның SOM-J қанатты зымыраны сынақ кезінде нысананы жоғары дәлдікпен жойды. Бұл туралы Түркияның өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Каджир мәлімдеді. Министрдің айтуынша, зымыран TÜBİTAK SAGE тарапынан әзірленген және соңғы сынақта жауынгерлік бөлікпен нақты нысананы дәл соққан. SOM-J төмен биіктікте ұшып, жоғары маневр жасау қабілетімен ерекшеленеді, бұл оны әскери операцияларда тиімді құралға айналдырады.   Сонымен… More

  • Иран соғысты тоқтату үшін өз шарттарын атады

    Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи америкалық-израильдік шабуылдардан басталған соғысты тоқтату үшін өз талаптарын жариялады. Ол атысты тоқтату тек белгілі шарттар орындалған жағдайда ғана мүмкін екенін мәлімдеді. Министрдің айтуынша, кез келген келісімде Иранға қарсы болашақ шабуылдардың болмайтынына кепілдік берілуі және соғыс барысында келтірілген шығын үшін өтемақы төленуі тиіс. Сонымен қатар ол қазіргі жағдайда атысты тоқтату… More

  • ҚазҰУ-да қазақ тіліндегі корей тілі оқулығы таныстырылды

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетінде Корей қоры қолдауымен жүзеге асқан халықаралық жоба аясында қазақ тіліндегі корей тілі оқулығының тұсаукесері және шәкіртақы табыстау рәсімі өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Іс-шараға Қазақстан Республикасындағы Корея Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Ха Тэ Ук, Korea Foundation Мәскеу қаласындағы өкілдігінің директоры И Со Мен, Кибер Хангук шет тілдер университетінің… More

  • «Ақтөбе» мен «Тобыл» ұтылып қалды: ҚПЛ үшінші турының нәтижелері белгілі болды

    Қазақстан Премьер-лигасының үшінші турындағы бірқатар матчтар өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақтөбе 1:4 Елімай Голдар: Артур Шушеначев 17 (1:0), Фессу Плакка 59 (пенальти, 1:1), Роман Мұртазаев 78 (1:2), Айбар Жақсылықов 85 (1:3), Роман Мұртазаев 90+2 (1:4) Қызылжар 2:2 Ертіс Голдар: Тимур Мульдинов 55 (1:0), Мамаду Мбодж 66 (1:1), Этьен Бойгре 70 (2:1), Мирас Түрлібек 87 (2:2)… More

Load More
Құттықтаймыз. Сіз интернеттің соңына жеттіңіз.