in

Маңғыстау мәдениеті: тарихтың тағылымы, жаңаның жаршысы

Бұл игі істер бүгін де жалғасын тауып отыр. Жергілікті билік мәдениет саласына ерекше көңіл бөліп, соның арқасында дамудың анық жолынан жаңылысқан емес.

ИГІ БАСТАМАЛАР БАҒДАРЫ

Әрине, бір өңірдің әр бағыттағы өсу қарқынын сараларда жауап­ты­лар­­дың ресми мәліметі арқылы бағам­да­ры­мыз белгілі. Маңғыстау облысының Мә­дениет, тілдерді дамыту және архив ісі бас­қармасының басшысы Нұртас Төре­бе­­­кұлынан алдымен мәдениет саласының қар­жыландыру жайын сұрастырып көр­дік. Биыл Маңғыстау облысында мә­де­ниет саласын дамытуға жергілікті бюд­жет­тен 10,7 млрд теңгеге жуық қаржы бө­­лінген. Қаражаттың негізгі бөлігі мә­де­ниет ұйымдарының, атап айтқанда, театр­лар, музейлер, кітапханалар және басқа да мәдениет ұйымдарының тұрақты қыз­метін қамтамасыз етуге, шығармашылық жо­баларды іске асыруға және мәдени-көп­шілік іс-шараларды өткізуге бағыт­тал­ған екен. 

– Мәдениет саласының инф­ра­құры­лы­мын дамыту шеңберінде жаңа ны­сан­дар­дың құрылысын жүргізуге басымдық беріл­ді. Соның бірі – Мұнайлы ауданының Ба­тыр ауылындағы 200 орындық мәдениет үйі мен кітапхана құрылысы. Жалпы, ат­қарылып жатқан жұмыстар мәдениет ұйым­дарының материалдық-техникалық мүм­кіндіктерін арттыруға, олардың қыз­мет көрсету сапасын жақсартуға, тұр­ғын­дар үшін қолайлы мәдени орта қалып­тас­тыруға және өңірдің мәдени инф­ра­құры­лы­мын кезең-кезеңімен жаңғыртуға ба­ғыт­­талған, – дейді басқарма басшысы Нұртас Сали.

Маңғыстау облысында мәдени инф­ра­­­құрылымды дамытуға бағытталған жо­баларды іске асыруда бюджеттен тыс қа­ра­жат пен демеушілік қолдауды тартуға да ерек­ше мән берілген екен. Мәселен, Жаңа­өзен қаласындағы Орталық қалалық кі­тапхана құрылысы «ҚазМұнайГаз» ұлт­тық компаниясының қолдауымен жүзеге асты. Нысанның құрылысына 1,7 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген болатын.

Елімізде тарихи-мәдени мұраларға бай, туристік әлеуеті жоғары өңірлердің қатарында Маңғыстау бар. Сондықтан тарихи ескерткіштерді сақтай отырып, ту­ризмді дамытуға жағдай жасау маңызды. Мы­салы, биылғы шілде айында Кореяның Пу­сан қаласында өткен ЮНЕСКО-ның Бү­кіләлемдік мұра комитетінің 48-сес­сия­сында Бекет ата, Шопан ата, Шақпақ ата, Қараман ата және Сұлтан үпі жерасты ме­шіттері Бүкіләлемдік мұралар тізіміне ен­гізілді. Аталған нысандардың ЮНЕС­КО тізіміне енуі Маңғыстау облысының ту­ристік әлеуетін арттырып, шетелдік сая­хатшылар мен туристік агенттіктердің қы­зығушылығын оятты. Өз кезегінде, мұ­н­­дай шаралар алдағы уақытта туристер санының артуына, жаңа туристік ба­ғыт­тардың қалыптасуына және Маң­ғыстау об­лысының халықаралық деңгейде таны­луы­на оң ықпал етпек. Әрине, турис­тер­дің санын арттырумен қатар, тарихи ес­керт­кіштердің бастапқы қалпын сақтау да аса маңызды. Сондықтан туризмді дамыту жұмыстары тарихи мұраларды қорғау та­лаптарымен қатар жүргізілуі қажет. 

– Жалпы, қазір облыста мемлекеттік қор­ғауға алынған 601 тарихи-мәдени ес­керт­кіш бар. Оның 25-і республикалық, 576-сы жергілікті маңызға ие.

Ескерткіштерді сақтау және олардың жағ­дайын жақсарту мақсатында кон­сер­вациялау және ғылыми-реставрациялау жұ­мыстары тұрақты түрде жүргізіліп келе­ді. Биыл бұл бағыттағы бес тарихи ескерт­кіш­ке – Маңғыстау ауданындағы Олжа­қыз күмбезтамы, Тілеміс күмбезтамы, То­лы­бай қорымы, Қожакүмбет күм­без­та­мы және Түпқараған ауданындағы Қосым та­рихи нысандарына ғылыми-рестав­ра­циялау жұмыстары жүргізіліп, қалпына кел­тірілді, – деді Н.Сали. 

Ал қосымша қаржыландыру мәселесі­н­е келсек, тарихи ескерткіштерді сақтау жұ­мыстары республикалық және жер­гі­лікті бюджеттер, сондай-ақ демеушілердің қол­дауы есебінен жүзеге асырылып келе­ді. Былтыр өңірдің туристік әлеуетін арт­тыру және табиғаты ерекше көркем ло­кацияларын кеңінен таныту мақсатында ұлт­тық салт-дәстүрді дәріптеуге бағыт­тал­ған «Ақмая Fest» фестивалі ұйым­дас­ты­рылды. Айрақтының әсем табиғаты ая­сында өткен шараға 15 мыңнан астам адам жи­налды. Олардың ішінде Ресей, Фран­ция, Қырғызстан, Англия және Еур­опа­ның бірнеше елдерінен келген туристер де бар. 

ТАРИХ ПЕН ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДІҢ ҮЙЛЕСІМІ

Бүгінде облыстағы мәдениет са­ла­сының нысандарында цифрлық технологияларды қолдану және көрер­мен­дер мен келушілерге қызмет көрсетуді за­манауи форматқа көшіру бағытында елеу­лі жұмыстар атқарылып жатыр. Тари­хи-мәдени мұраларды халыққа және ту­ристерге кеңінен таныстыру мақсатында Маңғыстау интерактивті картасы» сай­тына қазір 83 тарихи-мәдени ескерткіш тура­лы ақпарат енгізілген және жыл сайын жаңа нысандар бойынша ақпарат­тармен толықтырылып отырады. Онда тұрғындар мен туристер ескерткіш нысан­дарының суреттері мен 3D-панорамалары, орналасқан орны және басқа да қосымша мәліметтермен таныса алады.

2024 жылдан бастап SAQTAU авто­мат­тандырылған жүйесі жұмыс істейді. Қазір жүйеге 420 тарихи ескерткіштің құжат­тары, яғни паспорттары, есеп карточка­лары және жобалық құжаттары енгізілген. Бұл ескерткіштер туралы мәліметтерді электронды түрде сақтауға және оларды есепке алу жұмыстарын жеңілдетуге ық­пал етеді.

Мұндай цифрлық шешімдер кө­рер­меннің уақытын үнемдеп қана қоймай, мәдени іс-шараларға қол­жетімділікті арттырып, билет айналымын электронды форматта ұйымдастыруға мүм­кіндік береді. Сонымен қатар онлайн са­тылым арқылы көрермендердің сұра­нысын бақылауға және қандай мәдени бағдарламаларға қызығушылық жоғары еке­нін саралауға мүмкіндік бар.

Алдағы уақытта цифрландыруды мә­дениет саласының басқа да бағыттарына кеңейту маңызды. Атап айтқанда, тарихи-мәдени және киелі нысандарда QR-кодтар арқылы ақпарат беру, виртуалды турлар ұйымдастыру, келушілер ағынын электронды түрде есепке алу және мони­торинг жүргізу сияқты заманауи мүм­кін­діктерді кезең-кезеңімен енгізу нысандар жай­лы ақпараттың қолжетімділігін арт­тырады.

Маңғыстау облысының мәдениет са­ла­сының материалдық-техникалық база­сын жүйелі түрде жаңғырту және нығайту бағы­тында ауқымды жұмыстар атқарыл­ған. Кейінгі үш жылда мәдениет ұйым­дары­ның заманауи талаптарға сай қызмет көр­сету мүмкіндіктерін арттыру мақса­тында облыстық Н.Жантөрин атындағы музыкалық-драма театрына, облыстық ғылыми-әдістемелік және мәдени қызмет кө­рсету орталығына, облыстық тарихи-өл­кетану музейіне, кітапхана және басқа да мәдениет ұйымдарына заманауи LED эк­рандар, музыкалық аппаратуралар, ком­пьютерлік техника, кеңсе жиһаздары жә­не қажетті құрал-жабдықтар алынған.

Сонымен қатар мәдениет ұйымдары­ның материалдық-техникалық әлеуетін арт­тыру және шығармашылық ұжым­дар­дың қызметтік қажеттіліктерін қамта­ма­сыз ету мақсатында автокөлік паркі жаңар­­­тылды. Облыстық ғылыми-әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығына 1 ав­тобус, облыстық тарихи-өлкетану му­зейі мен облыстық тарихи-мәдени қо­рық­қа жеңіл автокөліктер, сондай-ақ об­лыс­тық филармонияға 1 жеңіл автокөлік са­тып алынды. Қала және аудандық мә­де­ниет ұйымдарының көлікпен қамтамасыз етілу деңгейін арттыру мақсатында «Абай» мә­дени демалыс кешеніне – 2 автобус, Жаңаөзен қаласындағы «Атамұра» мәде­ниет үйіне – 1 автобус, Бейнеу ауданын­да­ғы Абыл мәдениет үйіне – 54 орындық ав­тобус, Маңғыстау аудандық мәдениет үйіне – 54 орындық автобус және Қарақия ау­дандық мәдениет үйіне – 13 орындық мик­роавтобус сатып алынған.

Бұдан бөлек, облыстық кәсіби шы­ғармашылық ұжымдар мен қала, аудан мәдениет үйлерінің өнерпаздары үшін сахналық костюмдер тігіліп, мәдени іс-шараларды сапалы ұйымдастыруға қа­жетті дыбыс және жарық аппара­тура­лары, музыкалық аспаптар, компьютерлік тех­ника мен кеңсе жиһаздары кезең-ке­зеңі­мен жаңартылды. Аталған жұмыс­тар­дың нәтижесінде кейінгі үш жылда облыс мә­дениет ұйымдарының материал­дық-тех­никалық базасы едәуір нығайып, шы­ғармашылық ұжымдардың заманауи жаб­­дықтармен қамтылу деңгейі артты.

Материалдық-техникалық базаны жаң­ғырту жұмыстары мемлекеттік қол­дау­мен қатар, әлеуметтік серіктестік пен қайырымдылық бастамалар аясында да жал­ғасын табуда. Осы бағытта биыл «Мә­дениет даму алаңы» қайырымдылық жо­басы аясында Маңғыстау облысынан Бей­неу ауданының аудандық мәдениет үйі мен Түпқараған ауданы Сайын Шапа­ғатов ауылының мәдениет үйі іріктелді. 

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ДАҢҒЫЛ

2025 жылғы 14 наурызда Бурабай ку­рорттық аймағында өткен VI Ұлттық құ­рыл­тай отырысында Мемлекет басшы­сы­ның тапсырмасына сәйкес, 2026 жылдан бас­тап жыл сайынғы мәдени іс-шаралар күн­тізбесі әзірленді. Аталған күнтізбеге Маң­ғыстау облысынан ұлттық және ха­лық­аралық деңгейдегі үш ірі мәдени іс-шара – Амал мерекесі, SHUBAT FEST шұ­бат фестивалі және «Каспий – достық теңізі» халықаралық фестивалі енгізілді.

Маңғыстаудың оқиғалық туриз­мін­дегі маңызды мерекенің бірі – Амал мерекесі ая­сында аналар фестива­лі, қолөнер көр­ме-жәрмеңкесі, ұлттық спорт түрлерінен жа­рыстар, театрлан­ды­рыл­ған қойылымдар, жыр-терме кештері, концерттік бағдарламалар және көрісу дәс­түріне арналған мерекелік шаралар ұйым­дастырылды. Іс-шараларға еліміздің әр өңірінен келген қонақтармен қатар Әзер­байжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түр­кия елдерінен келген шетелдік турис­тер­ді қоса алғанда, 5 мыңнан астам адам қатысты.

Өңірдің гастрономиялық әлеуетін кеңі­нен танытатын маңызды жобаның бірі – SHUBAT FEST-2026 фестивалі. Ақ­тау қаласының Амфитеатр алаңында өт­кен фестивальге 15 мыңнан астам адам қа­тысып, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда жә­не Түркістан облыстарының кәсіпкер­лері мен шаруа қожалықтарының өкілдері бас қосты. 

Сонымен қатар «Каспий – достық теңі­зі» халықаралық фестивалі аясында Қа­­зақстан, Ресей, Әзербайжан, Түрікмен­стан және Иран өнерпаздарының қаты­суы­мен мәдени-шығармашылық іс-ша­ра­лар өткізіліп, Каспий маңы мемле­кет­тері арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға мүмкіндік берді. 

– Маңғыстау облысында халықаралық мә­дени жобаларды тұрақты өткізу тәжіри­бесі қалыптасты. Атап айтқанда, 2018 жыл­­дан бері екі жылда бір рет Мұрат Өс­кін­баев атындағы халықаралық өнер бай­қауы, сондай-ақ ABISH ALEMI халық­ара­лық театр фестивалі өткізіліп келеді. Бұл жобалар ұлттық мәдени мұраны ха­лық­аралық деңгейде насихаттап, шетелдік шы­ғармашылық ұжымдармен байланыс­ты нығайтуға мүмкіндік берді. 

14 наурызда атап өтілетін Амал мере­ке­сі халықаралық деңгейдегі мәдени-ту­рис­­тік брендке айналып келеді. Сондай-ақ 2025 жылы Ақтау қаласы Түркі әлемінің мәдени астанасы ретінде таңдалды. Күллі түр­кі дүниесінен келген қонақтарға Маң­ғыс­таудың тұрмысы мен мәдениетін, қа­зақ халқына тән салт-дәстүр мен әдет-ғұ­рыптарын және даңқты бабалар ізін жалғаған қасиетті өлкенің бай тарихы дәріп­телді, – деді Мәдениет, тілдерді да­мыту және архив ісі басқармасының бас­шы­сы Нұртас Төребекұлы.

Өңірдің өнер ұжымдары да ха­лық­ара­лық фестивальдер мен гастрольдік сапар­ларға тұрақты қатысып, Маңғыстау мә­де­ние­тін шетелде танытып келеді. Мәселен, Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыс­тық музыкалық драма театры 2024 жылы Қытай Халық Республикасының Үрімші қа­ласында өткен Қазақ өнері мен мә­де­ниеті күндері аясындағы фестивальге жә­не Түрікменстанның Ашхабад қала­сын­да ұйымдастырылған Түркі елдері театр­ларының халықаралық фестиваліне қатысты. Ал 2025 жылы III Халықаралық ТҮРК­СОЙ театр фестивалін ұйым­дастырып, жеті мемлекеттен тоғыз театр ұжы­мы­ның басын қосты. Фестиваль шет­ел­дік театрлардың шығармашылық тә­жі­ри­бесімен танысуға, ұлттық драматургия мен сахналық өнердің ерекшеліктерін зер­делеуге және халықаралық әріптестікті да­мытуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ театр Литваның Рокишкис және Утена қа­лаларында өткен Theater cluster-2025 хал­ықаралық театр фестиваліне қатысып, Ә. Кекілбайұлының «Шыңырау» спектак­лін ұсынды.

2025 жылы Ақтау қаласында алғаш рет «Қор­қыт ата» халықаралық кинофестивалі өт­кізіліп, түркі әлемі елдерінің киноөнері­мен танысуға, кинематография саласын­да­ғы мамандар арасында тәжірибе алма­суға және шығармашылық байланыстарды нығайтуға мүмкіндік туды.

М.Өскінбаев атындағы облыстық фи­лармония ұжымы 2024 жылы Қытайдың Бейжің және Үрімші қалаларында, Ауст­рия­ның Вена қаласында, Латвияның Рига қа­ласында, Тайваньда, Иранның Тегеран қа­ласында, Әзербайжанның Баку қа­ласында, Түрікменстанның Ашхабад қа­ла­сында және Түркияның Анталия қала­сын­да концерттік бағдарламаларын ұсын­ды. 2025 жылы Грузияның Тбилиси қа­ла­сында, Оңтүстік Кореяның Сеул қа­ласында және Түрікменстанның «Аваза» ұлттық туристік аймағында өнер көрсетті. Бұл сапарлар шетелдік көрермендерді Маң­ғыстаудың дәстүрлі өнерімен таныс­тыруға және өзге елдердің мәдени орта­сы­мен тәжірибе алмасуға жол ашты. Ал биыл облыстық драма театр ұжымдары Литва, Түркия, Әзербайжан және Ма­жарс­тан елдерінде өнер көрсетті.

Маңғыстау облысының мәдениет ұйым­дарында барлығы 2 373 қызметкер ең­бек етеді. Оның ішінде 1 262-сі кәсіби қыз­меткерлер болса, 827-сі жоғары білім­ді, 297-сі арнаулы орта білімді мамандар. Әйтсе де, келешек ұрпақтың мәдениетке, өнерге құлшынысын ояту мақсатында ат­қарылып жатқан жұмыстардың ауқымы мол. Мәселен, Маңғыстау облысында 4-17 жас аралығындағы балалар саны ста­тис­тикалық деректерге сәйкес 243 мың­нан асады. Оның ішінде мемлекеттік шы­­­­­ғармашылық тапсырыс аясында 12,5 мың бала қамтылған, 3800 бала кезекте тұр. Қазір облыс аумағында 173 қызмет көр­сетуші арқылы 662 шығармашылық үйірме жұмыс істейді.

Жалпы, халықаралық фестивальдер мен мәдени жобаларға қатысу өңірдің мә­дениет ұйымдарына шетелдік театр жә­не музыка өнерінің тәжірибесін зерде­леуге, шығармашылық ынтымақтастықты дамытуға, жаңа кәсіби байланыстар ор­на­туға және ұлттық өнерді халықаралық дең­гейде танытуға мүмкіндік беріп отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатыны анық.

Мадияр ТӨЛЕУ