in

Қазақстан мен Жапония стратегиялық ықпалдастықтың алдағы қадамдарын талқылады

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Жапония Сыртқы істер министрлігінің Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі Томоаки Ишигакиді қабылдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Тараптар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы желтоқсанда Жапонияға ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын, сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты және «Орталық Азия + Жапония» форматындағы өзара іс-қимылды дамыту перспективаларын талқылады.

Кездесу барысында екі ел арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға деген мүдделілік расталды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.