in

UFC турнирі Алматыда өте ме? Жаңа ақпарат тарады

Қазақстанда UFC турнирін өткізу мәселесі әлі талқыланып жатыр. Әлеуметтік желіде жарыстың 2027 жылғы 1 мамырда Алматыда өтетіні туралы ақпарат тарағанымен, бұл мәлімет ресми түрде расталған жоқ.

Бұған дейін «Вестник ММА» басылымы UFC турнирі Алматыда өтеді деп хабарлаған. Басылым жарысқа 12 мың көрерменге арналған «Алматы Арена» спорт кешені таңдалуы мүмкін екенін жазған.

Алайда Нұраддин Садықов бұл ақпаратты жоққа шығарып, турнирдің өтетін күні мен орны әлі анықталмағанын мәлімдеді. Ол әлеуметтік желідегі расталмаған хабарламаларға сенбеуге шақырды.

Бұған дейін Қазақстанның туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов UFC өкілдерімен келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтқан болатын. Министрдің сөзінше, жыл басынан бері бірнеше кездесу өткен. Қазақстанда UFC турнирін 2027–2028 жылдары өткізу мәселесіне қатысты нақты шешім қараша айының соңында жариялануы мүмкін.