Англиялық «Бернли» клубының бас бапкері Фабио Челестини қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаевтың денсаулығына қатысты мәлімет берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. ASnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Швейцариялық маманның айтуынша, 18 жастағы футболшы қазір Лондондағы «Челси» клубының базасында оңалтудан өтіп жатыр. Ол санның артқы бұлшықетін қайта жарақаттап алған.
– Дастан қазір «Челсиде», біз оны күтіп отырмыз. Ол лондондық клубтың базасында оңалтудан өтуде, – деді Челестини. Оның сөзін Burnley Express басылымы келтіреді.
Бас бапкер Сәтпаевтың алаңға нақты қашан оралатыны әзірге белгісіз екенін айтты.
Айта кетейік, қазақстандық шабуылшы «Бернлиге» жалға берілгеннен бері команда өткізген 16 матчтың жетеуіне ғана қатысты.
22 қараша, жексенбі күні «Бернли» «Блэкберн Роверске» қарсы дерби өткізеді.