in

Ұлытаудың жарқын белесі

Бұл бастамалар спорт нысандарының санын көбейтумен ғана шектелмей, тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға, өскелең ұрпақтың денсаулығын нығайтуға және жаңа чемпиондар тәрбиелеуге бағытталған.

Спорт саласының дамуы жалпы алғанда, жаңа кешендермен немесе бөлінген қар­жымен өлшенбейді. Оның басты көрсеткіші об­лыста қанша адам спортпен айналысады, әсі­ресе балалардың тұрақты жаттығуға мүмкіндігі бар ма, спортшылардың жетістігі мен заманауи инф­рақұрылымның халыққа қолжетімділігімен өл­шенеді. Осы тұрғыдан алғанда, Ұлытау об­лы­сын­да бұқаралық спорт әлеуетін арттыру және спорт инфрақұрылымын дамыту жұмыстарының ау­қымы кеңейіп келеді.

Бұқаралық спорт – дені сау қоғамның негізі

2026 жылы аймақтың денешынықтыру және спорт саласын дамытуға жергілікті бюджеттен 6 млрд 356 млн 256 мың теңге қарастырылған. Қа­ра­­­жаттың басым бөлігі спорт ұйымдарының тұ­рақты жұмысын қамтамасыз етуге, спорт­шы­ларды даярлауға және оқу-жаттығу үдерісін же­тіл­діруге бағытталған.

Облыстық денешынықтыру және спорт бас­қармасының мәліметінше, 12 ведомстволық спорт ұйымын ұстауға 3 млрд 355 млн 125 мың тең­ге бөлінген. Ал облыстың құрама ко­ман­да­ла­­рының республикалық және халықаралық жа­рыстарға қатысуына 320 млн теңге қарас­тырыл­ған. Бұл қаражат спортшылардың жаттығу жиын­дарын өткізуіне, жарыстарға қатысуына жә­не тәжірибе жинақтауына мүмкіндік береді. Со­нымен қатар өңірдің спорт саласын қаржы­лан­дыру саясаты бұқаралық және кәсіби спорт­ты қатар дамытуға бағытталып отыр.

Бүгінде облыста 38 спорт түрі бойынша 8 мың­нан астам спортшы тегін жаттығады. Оларға 263 жаттықтырушы-оқытушы тәлім береді. Өңірде балалар мен жасөспірімдерге арналған 10 спорт мектебі жұмыс істейді. Бұл – спортқа қы­зығатын жас буын үшін бастапқы дайын­дық­тан кәсіби деңгейге дейін көтерілуге мүмкіндік бе­ретін маңызды жүйе. Мәселен, «Намыс» спорт мек­тебінде 14 жаттықтырушының жетек­ші­лі­гі­мен 350-400 бала жаттығады. Спорт нысанында м­а­мандандырылған күрес және жаттығу залдары, 150 көрерменге арналған мінбері, әмбебап ойын залы, би залдары, 150 орындық жайлы, заманауи жа­тақхана және асханасы бар. Балаларға жа­та­тын орын, тамақтану және спорттық киім-кешек те­гін беріледі. Өңірде CK-NAMYS академия­сы­ның іске қосылуы болашағынан үміт күттіретін спорт­шыларды анықтап қана қоймай, Жез­қаз­ғанда ұлттық және халықаралық деңгейдегі ж­арыс өткізуге мүмкіндік береді. Бұл кешен ба­лалар мен жасөспірімдер спортын қолдауға жә­не өндірістік аймақтарда заманауи инф­ра­құрылымды дамытуға бағытталған ауқымды әлеу­меттік нысан. Сондай-ақ  «Қазақмыс» кор-п­орациясы» ЖШС қолдауымен «Жігер» дене­шы­нықтыру-сауықтыру кешені, Жезді кентінде жә­не Жаңаарқа ауданында денешынықтыру-сауық­тыру кешендері, Қаражал қаласында жа­бық жүзу бассейні ашылды. Ал Жәйрам кен­тін­дегі М. Дәрібеков атындағы спорт кешенінде 444 бала спорттың әр түрімен айналысады. Ал Жез­қаз­ған қаласындағы Спортты дамыту орта­лы­ғын­да 15 жаттықтырушы 672 спортшыны даяр­лап келеді. Бұл көрсеткіштер өңірде балалар спор­тына деген сұраныстың бар екенін және оны да­мытуға қажетті ұйымдастырушылық негіз қа­лыптасып келе жатқанын аңғартады.

Сонымен қатар бұқаралық спорттың қол­жетім­ділігін арттыру мақсатында мемле­кеттік спорт­тық тапсырысты жан басына шақ­қан­дағы нормативтік қаржыландыру бағдар­ла­ма­сы жүзеге асырылуда. Бағдарлама аясында об­лыс бойынша 980-ге жуық ваучер беріліп, спорттың 15 түрінен секциялар жұмыс істейді. Мұн­дай тетік ата-аналардың қаржылық жүкте­ме­сін азайтып қана қоймай, балалардың өз қы­зығушылығы мен қабілетіне қарай спорт түрін таң­дауына мүмкіндік береді.

Инфрақұрылым жаңарса, спорттың да тынысы ашылады

Қазір өңірде 236 спорт нысаны жұмыс істей­ді. Оның 227-сі мемлекеттік, 9-ы жеке меншік ны­сан. 2026 жылы халықтың спорттық инф­ра­құры­лыммен қамтамасыз етілу деңгейі 78 пайыз­ды құрап отыр. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш­ті 80 пайызға жеткізу жоспарланған.

Ресми ақпарат көздерінің мәліметінше, Ұлытау облысы 2022 жылы дербес өңір ре­тінде құрылғаннан бері 52 спорт нысаны пай­далануға берілген. Олардың қатарында Жез­қаз­ған қаласындағы «Жігер» денешынықтыру-сауықт­ыру кешені, шахмат академиясы, Қаражал қа­ласындағы жабық бассейн және ауылдық елді ме­кендерде ашылған спорт кешендері бар. Бұл ны­сандардың іске қосылуы өңір тұрғындарының спортпен айналысу мүмкіндігін кеңейтіп, әсіре­се балалар мен жастардың бос уақытын тиімді ұйым­дастыруға жол ашты.

Дегенмен спорт инфрақұрылымын дамытуда қала мен ауыл арасындағы қолжетімділік айыр­машылығын азайту мәселесі де маңызды. Өйт­кені спорттық мүмкіндіктер тек облыс ор­та­лы­ғында шоғырланбай, шалғай елді мекендерге де жетуге тиіс. Осы мақсатта Жезқазғанда ескек есу спортына арналған кешен, Ұлытау ауылында жабық жүзу бассейні, Қаражалда жабық хоккей корты сияқты жобаларды дамыту көзделіп отыр. Бұл бастамалардың маңызы нысандар санын арт­тырумен ғана шектелмейді. Мәселен, жабық бас­сейннің салынуы балаларды жүзуге үйретуге, ал хоккей кортының ашылуы қысқы спорт түр­лерін дамытуға мүмкіндік береді. Яғни әрбір жаңа нысан өңірде спорттың белгілі бір бағы­ты­ның қалыптасуына және жаңа спорттық резерв­тің өсуіне негіз бола алады.

Жеңістер – жүйелі жұмыстың нәтижесі

Бұқаралық спорттың дамуы кәсіби спорт­тың да өркендеуіне жол ашады. Себебі бо­лашақ чемпиондар ең алдымен балалар мен жа­сөспірімдер арасындағы спорт мектептерінде қа­лып­тасады. Сондықтан спорт саласындағы не­гізгі міндеттердің бірі – көпшілікті спортқа тар­тумен қатар дарынды жастарды іріктеп, олар­дың кәсіби шеберлігін шыңдау.

Аймақта бұл бағытта нәтижелі жұмыстар ат­қа­рылып келеді. Өңірде кәсіби футбол клубы – «Ұлытау» және кәсіби волейбол клубы жұмыс істейді. Олардың жарыстарға қатысуы жергілікті спорттың танымалдығын арттырып қана қой­май, жас спортшыларға кәсіби деңгейге көте­рілу­дің нақты үлгісін көрсетеді.

2026 жылдың алғашқы алты айында облыста 200-ден астам спорттық іс-шара ұйымдастырыл­ған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыс­тыр­ғанда 50 іс-шараға көп. Ал өңір спортшылары республикалық және халықаралық жарыстарда 900-ден астам медаль жеңіп алған. Оның ішінде 385 алтын, 263 күміс және 331 қола жүлде бар.

Халықаралық додаларда да Ұлытау спорт­шы­ларының жетістігі аз емес. Азия чем­пионаттарында 11 алтын, 12 күміс медаль иелен­се, әлем чемпионатында бір күміс жүлдеге қол жет­кізген. Ауыр атлетикадан облыс спортшысы Берікбол Нұрсыйла 2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының қола жүлдегері атанған.

Бұл жетістіктер өңірде спортшыларды даяр­лау жұмыстарының нәтижелі екенін көрсетеді. Де­генмен жекелеген спортшылардың жеңісімен шек­телмей, спорттың әр түрінен тұрақты түрде жо­ғары нәтиже көрсететін жүйе қалыптастыру маңызды. Ол үшін спорт мектептерінің мате­риал­дық-техникалық базасын жетілдіру, білікті жат­тықтырушыларды қолдау, спорттық меди­ци­на­ны дамыту және жас таланттардың кәсіби өсуіне мүмкіндік беру қажет.

Әлеуметтік әріптестік – спортты дамытудың қосымша мүмкіндігі

Өңірдегі спорт инфрақұрылымын дамы­ту­да мемлекет пен бизнестің әріптестігі де маңызды рөл атқарады. Осы бағытта Ұлытау об­лысының әкімдігі мен «Қазақмыс корпора­ция­сы» ЖШС бірлескен меморандум аясында жұмыс жүргізуде. Бұл ынтымақтастық өңірдің әлеу­меттік және инженерлік инфрақұрылымын жаңғыртуға, тұрғындар үшін жаңа мүмкіндіктер қа­лыптастыруға бағытталған.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәй­кес, 2026-2027 жылдары өңірде 25-тен астам ірі әлеу­меттік және инженерлік инфрақұрылым ны­санының құрылысын бастау жоспарланған. Со­ның ішінде Жезқазған қаласында 6 мың кө­рер­менге арналған жабық футбол стадионы мен заманауи теннис орталығын салу көзделіп отыр. Әсіресе жабық футбол стадионының құрылысы өңір­дегі спорттың дамуына жаңа серпін беруі мүм­кін. Мұндай нысан кәсіби командалардың ға­­на емес, балалар мен жасөспірімдер футбо­лы­ның да дамуына ықпал етеді. Ал теннис орталығы спорттың осы түріне қызығушылық танытатын тұр­ғындардың қатарын арттыруға мүмкіндік бе­реді.

Бұдан бөлек, «Қазақмыс» компаниясының қа­­тысуымен Жезқазғанда мешіт пен конгресс-ор­­та­лық салу, қоғамдық кеңістіктерді абат­тан­дыру, мәдениет нысандарын жөндеу, Кеңгір су қоймасының жағалауын көркейту секілді жо­балар жүзеге асырылмақ. Мұның барлығы өңір­дің әлеуметтік ортасын жақсартуға бағытталған ке­шенді бастамалардың бір бөлігі.

Спорт мәдениеті – өңір дамуының көрсеткіші

Жалпы, Ұлытау облысында спорт саласын да­мыту бірнеше бағытта қатар өрістеп келеді. Бірін­шіден, спорттық инфрақұрылым кеңейіп, тұр­ғындардың жаттығу мүмкіндігі артуда. Екін­шіден, балалар мен жасөспірімдерді спортқа тар­ту тетіктері жетілдіріліп, тегін секциялар мен вау­черлік қаржыландыру жүйесі жұмыс істеп тұр. Үшін­шіден, кәсіби спортқа қолдау көрсетіліп, өңір спортшылары республикалық және халық­аралық жарыстарда жақсы нәтижелерге қол жет­кізуде.

Алайда алдағы кезеңде сандық көрсеткіштерді са­палық нәтижеге айналдыру маңызды. Жаңа спорт кешендері толық қуатында жұмыс істеп, бі­лікті мамандармен қамтылуы, ауыл балалары­ның да спорттық дайындыққа тең қол жеткізуі қа­жет. Сонымен қатар бұқаралық спортпен жү-й­е­лі айналысатын тұрғындардың үлесін арттыру, балалар арасынан дарынды спортшыларды ерте анықтау және олардың кәсіби өсуіне жағдай жасау басты міндет саналады. Ал өңірде спорт саласын дамыту бағытында жүзеге асырылып жатқан бастамалар Ұлытау облысын болашақта спорттық инфрақұрылымы дамыған, бұқаралық спорт мәдениеті қалыптасқан және кәсіби жетістіктері­мен танылған аймақ атануына негіз қалайды.

Тілек ҚАБЫЛ