in

Лос-Анджелеске алғашқы жолдаманы алды

Әйелдер арасындағы «скит» жаттығуының финалында қазақстан­дық спортшы 5-орынға ие болып, 2028 жылы АҚШ-тың Лос-Андже­лес қаласында өтетін XXXIV жазғы Олим­пиада ойындарына қа­тысуға арналған ли­цензиялық жолдаманы жеңіп алды. Бұл жетістіктің еліміз үшін маңызы – 2028 жылғы Олимпиада ойындарына қатысуға жеңіп алынған алғашқы олимпиадалық жолдама.  

Катардың Доха қаласында оқпен және стенд атудан ISSF әлем чемпионаты 14 қарашаға дейін жалғаспақ. Додаға әлемнің 90 елінен 1000-нан аса спортшы қатысып жатыр. Еліміздің атынан 12 спортшы стенд атудан, ал 18 спортшы нысана көздеуден бақ сынап жатыр.