in

Елді мазалаған маусым

Себебі әкімдіктегілер тұрғын үйлерге жылу беру үшін құбырларды тексеріп әлек болса, төтенше жағдайлар саласының қызметкерлері газ желілері мен мұржалардың ақауын анықтаумен болады. Оған негіз жоқ емес. Жамбылда жыл сайын жылыту маусымында бүтін бір отбасы газдан уланып немесе түтінге тұншығып қаза болады. Бұның себебін шенділер түрлі себеппен түсіндіргенімен, салдары жанға батып тұр.

Жамбыл облыстық Төтенше жағ­дайлар департаменті берген ақ­паратқа сүйенсек, биылғы жы­лыту маусымына дайындық жұ­мыстарын қырағы жүргізіліп жа­тыр. Тұрғын үй секторында өрт қауіп­сіздігі мен газден улану бойын­ша алдын алу жұмыстары күн сайын өткізіліп келеді. 

– Іс-шаралар барысында тұр­ғ­ын үй секторындағы өрттер мен улы газдан улану оқиғаларының ал­дын алу және жол бермеу мақ­са­тында, бұқаралық ақпарат құ­рал­дарын тарту арқылы про­фи­лактикалық жұмыстар жүргізуге б­ағытталған іс-шаралар атқа­ры­лу­­да. Алдын алу жұмыстарын өт­­кізу шеңберінде 3 222 тұрғын үй араланып, көппәтерлі, каркас-қамысты, тұрмыс жағдайы төмен үйлерге басты назар аударылуда. Барлығы 6 632 тұрғынмен әңгі­ме­лестік. Әлеуметтік осал топтар­дың қатарына жатқызылатын от­басылардың үйлеріне 150 дат­чик орнатылды. Оның ішінде улы газды анықтайтын датчик 127 да­на болса, табиғи газды анық­тай­тын датчик – 23 дана. Бұдан бө­лек, 2026-2027 жылғы жылыту маусымы қарсаңында жергілікті атқарушы органдар тарапынан улы және табиғи газды анықтау датчиктерін сатып алу жұмыстары жүргізілуде, – дейді Жамбыл облысы ТЖД Мемлекеттік өрт ба­қылау басқармасының бас ма­маны Құрмет Батырханұлы. 

Әрине, үміттенген дұрыс. Сон­дықтан улы газға қарсы дат­чик­тер орнату сынды жұмыстарды жүйелі жүргізген абзал. Олай дей­тініміз, алдыңғы жылы тендер ар­қылы сатып алынған датчик­тердің дені жарамсыз болып, жергілікті билік өкілдері ақауы бар қондырғыларды кері қай­тар­ған-ды. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстарға «бармақ басты, көз қысты» емес қырағы бақылау қа­жет.

Өрт демекші, жыл басынан бері облыс аумағында 707 өрт оқи­ғасы тіркелген. Бұл өткен жыл­мен салыстырғанда екі есе артық. Тілсіз жаудан 6 адам қаза тап­са, бұл да өткен жылға қара­ған­­да өсімді көрсетіп тұр. Мате­риал­дық шығын 64,35 млн теңгеге жеткен. 

Жыл басынан бері тұрғын үй секторындағы өрттердің алдын алу мақсатында Төтенше жағ­дай­лар департаменті қызметкерлері жер­гілікті полиция қызметінің өкіл­дерімен және волонтерлермен бірлесіп 417 мыңнан астам аула­ларды аралап, 2 225 жиын өткіз­ген. Аралау барысында 596 мыңға жуық адамға нұсқау беріліп, 441 мыңнан астам жадынамалар мен нұсқаулықтар таратылған. 

Бұл – әрине, құп көретін бас­тама. Ал одан нәтиже шыға ма? Жыл басынан бері 707 өрт оқи­ға­сы тіркеліп, 6 адамның қаза табуы алақайлайтын көрсеткіш емес. Демек, бұл – бағыттағы жұмыс­тар­ды күшейту керек деген сөз.

Әрине, апат шақырудан ау­лақ­пыз. Алайда жылда тұрғын үй өрті, түтінге тұншығып, газдан улану фактілері бойынша Жам­был облысы көш бастап келеді. Жыл­да жауаптылар «жұмыс жүр­гізіліп жатыр» деген статистиканы алға тартқанымен одан оқыс оқи­ғалардың саны азаймауда. Де­мек, бұл мәселеге басқа қыры­нан келу керек деген дүние. Жиын­дар өткізіп, жадынама та­рат­қан­нан көрі құзырлы сала ма­ман­дары облыс, қала, аудан, қа­ла берді ауыл әкімдерімен бір­ле­се оты­рып, әр үйге газ бен өрт­тің шы­ғуын дер кезінде анық­тай­тын датчиктерді жаппай орнату те­ті­гін тапқандары жөн шығар. Әйт­п­есе, бар мәселені қазына қар­­жы­сына қаратып қойып от­қан­нан ертең оқыс оқиғалар азай­май­ты­ны анық. Осыны сала­ға жауа­п­ты­лар санаға салып, бір шешімін та­бады деп сенеміз.

Саятхан САТЫЛҒАН,

Жамбыл облысы