in

Түркістан облысында тікелей эфирде балағат сөз айтқан стриммер жауапқа тартылды

Түркістан облысында полицейлер әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында TikTok платформасындағы “Ғашықтар” аккаунтында жарияланған тікелей эфирден өрескел құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Аталған эфирде әйел адам сөз мәдениетін сақтамай, өзге азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетіне тиетін балағат сөздер айтып, әдепсіз әрекетке жол берген. Полиция қызметкерлері тексеру барысында оның Ордабасы ауданының 32 жастағы тұрғыны Хадиша Абдушукурова екенін анықтады.

Өзгені көпшілік алдында балағаттаған әйел полиция бөліміне жеткізіліп, әрекетіне құқықтық баға берілді. Нәтижесінде сот шешімімен стриммер қызға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Сондай-ақ профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Полиция әлеуметтік желіде назар аударту мақсатында әдепсіз әрекеттерге баруға, өзгені қорлауға немесе балағаттауға жол берілмейтінін ескертеді.