in

Дзюдошы Шерзод Давлатов әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық дзюдошы Шерзод Давлатов Бакуде (Әзербайжан) өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында бақ сынады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақта жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді.

Шерзод финалда Әзербайжан өкілі Ахмад Юсифовқа жол берді.

Осылайша, Шерзод Давлатов әлем чемпионатын күміс жүлдемен қорытындылады.