Қазақстандық жеңіл атлет Нора Джеруто Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалында сәтті өнер көрсетті.
Отандық спортшы 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді.
Нора Джеруто ақтық бәсекеде қашықтықты 9:06.82 уақытта бағындырды.
Алтын медальді Яви Винфред (Бахрейн) жеңіп алды – 9:04.36. Үндістандық Парул Чаудхари үздік үштікті түйіндеді – 9:08.67