Қазақстандық гимнаст Милад Карими Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жүлдеге бір қадам жетпей қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Отандасымыз кермедегі жаттығудың финалында сынға түсті.
Милад ақтық бәсекеде төрешілердің шешімімен 13.666 ұпай еншілеп, төртінші орынға ие болды.
Қытайлық Тянь Хао алтын жүлдегер атанды – 14.700. Жапониялық Синноскэ Ока күміс медальға ие болды – 14.033. Ал Карлос Юло (Филиппин) үздік үштікті түйіндеді – 13.666.
Айта кетейік, Милад Карими бұған дейін еркін жаттығулардың финалында күміс жүлде алған еді.