in

Азиада-2026: Қазақстан ерлер құрамасы қазіргі бессайыстан қола жүлде алды

Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында қазіргі бессайыстан ерлер арасында финалдық сайыстар аяқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ұлттық құрама сапында ең үздік нәтижені Темірлан Абдраимов көрсетті. Ол 7-орынға жайғасты. Тихон Варехин 9-орынға тұрақтады. Лев Чувашов 13-орынға ие болса, Кирилл Стадник 18-сатыға табан тіреді.

Командалық сайыста Қазақстан құрамасы үздік үштікті түйіндеді. Алтын медаль Қытай құрамасына бұйырды. Ал Оңтүстік Корея екінші орын алды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының еншісінде төрт медаль бар. Бұған дейін тасжолдағы велоспорттан Рината Сұлтанова мен Алексей Луценко алтын медаль жеңіп алса, триатлоншы Арлан Жаңабай қола алды.