Қазақстан әйелдер құрамасы су добынан Жапонияда өтіп жатқан Аичи-Нагоя-2026 Азия ойындарындағы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Турнирдегі алғашқы ойында қазақстандық су добы шеберлері Сингапур құрамасымен кездесті.
Қазақстан командасы матчты сенімді өткізіп, қарсыласын 12:7 есебімен жеңді. Осылайша, ұлттық құрама Азиададағы алғашқы ойынында жеңіске жетті.
Айта кетейік, су добынан жарыс айналмалы жүйе бойынша өтеді. Қазақстан құрамасы келесі кездесуін жарыс қожайыны Жапонияға қарсы өткізеді.