Биыл Қазақстанда 380 мыңнан астам бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды. Олардың 296 мыңы мемлекеттік, 23 мыңы жекеменшік мектептерде білім алады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Биылғы 1-сынып оқушыларының 71%-ы қазақ тілінде, 26%-ы орыс тілінде, 2,5%-ы өзге тілдерде білім алады.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бастауыш сынып оқушыларының оқыту жүйесі өзгерді.
Қазір 2-4-сыныптарда бағалаудың жаңа тәсілдері енгізілді. Енді оқушының күнделікті еңбегі, оқу барысындағы ілгерілеуі және алған білімін тәжірибеде қолдана білуі ескерілмек.