Аргентина құрамасы мен «Интер Майами» клубының капитаны Лионель Месси MLS тұрақты чемпионатындағы голын жақында қайтыс болған әкесіне арнады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
39 жастағы футболшы әлем чемпионатынан кейін алғаш рет «Филадельфияға» қарсы матчта гол соқты. Кездесудің 26-минутында есеп 1:1 болып тұрған сәтте Месси айып алаңының бұрышынан допты қабылдап, қорғаушыдан өтіп, қақпаның алыс бұрышын дәл көздеді.
Голдан кейін футболшы саусағын көкке көтеріп, ишара жасады. Жанкүйерлер бұл қимылды бірнеше апта бұрын қайтыс болған әкесіне деген құрмет ретінде қабылдады.
Мессидің бұл голы тек есепті өзгерткен сәт емес, футболшы үшін әкесіне деген сағынышын білдірген ерекше ишара болды.