in

«Адамның өз басына келмей, түсіну қиын»: Данияр Елеусінов айтылған сынға жауап берді

Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов өзін сынағандарға жауап беріп, Олимпиададан кейін алкогольге әуестік пайда болғанын ашық мойындады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Спортшы бұл кезеңді бастан өткергенін және қазір онымен күресіп жатқанын айтты.

Д. Елеусінов бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Мені сынап жазасыздар. Иә, мойындаймын, Олимпиададан кейін алкогольге әуестігім болды. Бірақ мені сынамаңыздар. Бұл – күлетін нәрсе емес. Адамның басына өзі келмей, оны түсіну қиын», – деді чемпион.

Спортшы адамдарды бір-бірін сынамауға шақырды.

«Өмірде біреуді сынап айтқан нәрсең өз басыңа келмей қоймайды», – деп жазды Елеусінов.

Бұған дейін Данияр Елеусінов Токио және Париж Олимпиадаларына не себепті қатыспағанын түсіндірген еді.

Оның айтуынша, Токио Олимпиадасына қатысуына ешкім мүдделі болмаған, ал Париж Олимпиадасына баруына кедергі жасалған.

«Барлығың сұрап жатсыңдар, неге Олимпиадаларға қатыспадың деп. Мені Токиода өнер көрсеткенімді ешкім қаламады, ал Парижде көргісі келгендер болды, бірақ оған жол бермеді. Шахмұрат Мүтәліп менің қатысқанымды қалады, бірақ басқалары оған кедергі келтірді», – деді чемпион.