in

Телеаудитория талғамы жаңарды

Атап айтқанда, көрермен тарапынан сұраныс артқан жобалардың бірі – «Әлем және біз» бағдарламасы. Сәуір айының ор­тасынан бері жобаның аудиториялық үлесі шамамен 1,5 есеге жуық өскен. Бұл көр­сеткіш көрерменнің әлемде болып жат­қан оқиғаларды жүйелі түрде түсінуге, олар­дың ел ішіндегі жағдайға әсерін сара­ла­у­ға деген қызығушылығы артқанын аң­ғартады. Бағдарламада халықаралық сая­саттағы өзекті мәселелер, әлемдік оқи­ға­лар­­дың Қазақстанға ықпалы, геосаяси жағ­­дай, мұнай нарығы, дипломатиялық бай­ла­ныстар секілді тақырыптар талда­на­ды. 

Тағы бір назар аудартқан жоба – «Ізгі­лік формуласы». Маусым айының соңынан бастап бағдарламаның аудиториясы екі есе­ден астам ұлғайған. Жоба қоғамдағы адам­гершілік, азаматтық жауапкершілік, өзара көмек, қайырымдылық және игі іс­тер тақырыптарын көтереді. Бұл бағдар­лама дәл осы идеяны көрерменге жеткізе білді. Бағдарламада өз ортасында пайдалы іс атқарып, қоғамға үлес қосып жүрген қарапайым азаматтардың оқиғалары көр­сетіледі. Бұл мазмұн көрерменге жақсы­лық жасаудың түрлі жолы бар екенін танытып, қоғамдық құндылықтарды насихаттауға ба­ғытталған. Президент ұсынған бұл жоба «Адал азамат» пен «Таза Қазақстан» қағи­даттарымен де астасып жатыр. 

Көрсеткіші өскен жобалардың қата­рын­да Qazaq creative бағдарламасы да бар. Креативті индустрияны дамытуға арналған бұл жоба эфирге мамыр айының соңында шығып, шілде айынан бастап аудиториялық көрсеткішін 2,5 еседен астам арттырған. Бағ­дарлама мәдени кәсіпкерлік, отандық өнер, шығармашылық индустрия және оның экономикалық әлеуеті туралы баян­дайды. Әсіресе жастар мен шығармашылық орта өкілдері үшін мұндай тақырыптардың өзектілігі жоғары.

Түйіндей айтқанда, аталған жобалар­дың аудиториялық өсімі көрермен талға­мын­да белгілі бір өзгеріс бар екенін көр­се­теді. Бүгінде аудитория тек жедел жаңа­лық­пен шектелмей, қоғамдық процестерді түсін­діретін, әлеуметтік құндылықтарды қоз­ғайтын және елдің даму бағыттарына қа­тысты мазмұнды бағдарламаларға да на­зар аудара бастаған. Бұл телеарнадағы та­нымдық және сараптамалық жобалардың маңызын арттыра түседі.