Әнші Садраддин көпбалалы анаға қуаныш сыйлады, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі бұл туралы Instagram парақшасында видео жариялады. Әнші кішкентайынан анасымен пәтер жалдап тұрғанын, сондықтан жалғызбасты аналардың жағдайын жақсы түсінетінін атап өтті.
“5 жасар бала күнгі Садраддиннің арманы орындалды! Кішкентай кезімде анам екеуіміз петерден-пәтерге көшіп жүріп, баспанамыз болса деп армандайтын едік. Қазір шүкір, Құдай сондай мүмкіндік беріп тұрған кезде біз де бір отбасын қуантып, арманын орындайық деп шештік. Себебі бұл менің бала күнгі арманым еді. Қазір пәтер жалдап тұру көпбалалы жалғызбасты анаға үлкен проблема. Сол күн де келіп жетті. Алланың қалауымен бір кісіге пәтер сыйлаймыз”, – деді Садраддин.
Бес баланы жалғыз тәрбиелеп отырған анаға денсаулығына байланысты жұмыс істеуге жарамсыз екенін айтты. Ол отбасына баспана сыйлаған әншіге алғыс білдіріп, қуаныштан көз жасына ерік берді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.