in

Жеті минут ойнады: Дастан Сәтпаев «Челсидің» тағы бір матчына қатысты

Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев Лондонның «Челси» клубы сапындағы кезекті жолдастық кездесуге қатысты.

Малайзияның «Джохор Дарул Такзим» командасына қарсы өткен матчта Сәтпаев 87-минутта алаңға шығып, шамамен жеті минут ойын өрнегін көрсетті.

Кездесу нәтижесінде «Челси» қарсыласымен 3:3 есебімен тең түсті. Лондондық клуб жеңілістен матчтың соңғы минутында соғылған автоголдың арқасында құтылды.