in

Қазақстан құрамасы халықаралық олимпиадада тарихи нәтиже көрсетті

26 шілде мен 2 тамыз аралығында Румынияның Бухарест қаласында Лингвистикадан халықаралық олимпиада (IOL) өтті.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, Қазақстан құрамасының төрт мүшесі де жоғары нәтиже көрсетіп, бір қола медаль мен үш Құрмет грамотасын иеленді.

Қола медаль иегері: Шыңғыс Карасаев – Орал қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы NIS-тің 12-сынып оқушысы.

Құрмет грамотасының иегерлері: Рамазан Бутантаев – Маңғыстау облысы Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты Мамандандырылған IT лицейінің 11-сынып оқушысы; Аслан Ажибаев – Павлодар қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы NIS-тің 12-сынып оқушысы; Кирилл Тургумбаев – Қостанай облысы Жітіқара ауданы білім бөліміне қарасты Абай атындағы мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы.

Құрамаға Ягеллон университетінің студенті Оспанова Дана Еркінқызы жетекшілік етті.