Лондондық «Челси» клубының бас бапкері Хаби Алонсо қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаевтың жолдастық матчтағы жарқын дебютіне жоғары баға берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Австралияның «Вестерн Сидней Уондерерс» командасын 6:4 есебімен жеңгеннен кейін испаниялық маманнан 17 жастағы қазақстандық футболшының ойыны мен алдағы маусымдағы мүмкіндігі туралы сұралды.
«Мен Дастанды былтырдан бері, Алматыдағы кезден-ақ білемін. Оның ерекше ойыншы екені бірден байқалады. Ол қарсылас қақпасына үнемі қауіп төндіреді, орталық шабуылшының айналасындағы бос аймақтарды жақсы пайдаланады және қанаттан да нәтижелі шабуылдайды. Бұл – оның клубтағы алғашқы тәжірибесі, бірақ ол өзін жақсы қырынан көрсетті», – деді Хаби Алонсо.
Сондай-ақ бапкерден Сәтбаевтың Англия Премьер-лигасында ойнауға физикалық дайындығы туралы сұралды.
«Ол өте мықты әрі өте жылдам. Оның ойынына қарап, шынымен тәнті боласыздар», – деп қысқа жауап берді испаниялық маман.
Еске салайық, Австралиядағы маусым алдындағы оқу-жаттығу жиыны аясында өткен «Вестерн Сидней Уондерерске» қарсы кездесуде Дастан Сәтбаев матчтың алтыншы минутында есеп ашып, «Челси» сапындағы алғашқы голын соқты. Бұл ойында Дариу Эссугу мен Джейми Гиттенс бір-бір голдан соқса, Жоау Педру хет-трик авторы атанды.